29.06.2007, 14:26 2905

Алматыда кеденшілер мен кәсіпкерлер посткедендік бақылау мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ. 29-маусым. Kazakhstan Today. Алматыда кеденшілер мен кәсіпкерлер посткедендік бақылау және кедендік процедураларды жеңілдету мәселелерін талқылады. Бұл туралы бүгін "ҚР кеден қызметін жаңғырту аясында посткедендік бақылауды дамытудың келешегі" атты "дөңгелек үстел" барысында ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Ибдішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз посткедендік бақылауды дамытуға баса назар аудардық. Сауда-саттықты жеңілдетудің негіздемелік стандарттарын ескере отырып бағдарламаның жобасын жасадық, ендігі жерде біз алдын-ала ақпаратты алу, құжаттарды тексере талдау арқылы электрондық декларация толтыру тәртібі енгізілетіндігін ескере отырып, жүкті жаппай қолмен тексеруден посткедендік бақылауға өту жолымен сауда-саттықты жеңілдетуге ден қоймақшымыз", - деді Б. Ибдішев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны