11.04.2018, 21:21 7503

Алматыда кейбір көшелердегі жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады

Алматыда трамвай жолы рельстерін алу жұмыстары басталғандығына байланысты Жароков көшесін бойлай Қарасай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін ағымдағы жылдыӊ 12 сәуірінен 22 сәуірге дейін аталған телімде көлік қозғалысы тоқтатылады

Алматы. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда трамвай жолы рельстерін алу жұмыстары басталғандығына байланысты Жароков көшесін бойлай Қарасай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін ағымдағы жылдыӊ 12 сәуірінен 22 сәуірге дейін аталған телімде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Сондай-ақ, Байтұрсынов көшесінде Шевченко көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін трамвай жолы рельстерін алу жұмыстары басталғандығына байланысты ағымдағы жылдыӊ 16 сәуірінен 29 сәуіріне дейін аталған телімде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Ал Мұстафин (Садықов) көшесінде Асқаров көшесінен Ил-Фараби даӊғылына дейін асфальтбетон жамылғысын төсеу жұмыстарыныӊ жүргізілуіне байланысты ағымдағы жылдыӊ 12 сәуірінен 15 сәуіріне дейін аталған телімде көлік қозғалысы тоқтатылады. Көлік қозғалысы уақытша Асқаров көшесімен ұйымдастырылады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны