31.03.2010, 16:05 7716

Алматыда "KFC - Ростикс" желісіне жататын мейрамханадан сальмонелла табылды - телеарна

Алматыда "KFC - Ростикс" желісіне жататын мейрамханадан сальмонелла табылды - телеарна

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда "KFC - Ростикс" желісіне жататын мейрамханадан сальмонелла табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, "Алматыдағы "KFC - Ростикс" жедел тамақтандыру мейрамханасынан ас ішкен азамат сальмонеллез ауруын жұқтырып алды. Дәрігерлер мен СЭС қызметкерлері оның дұрыс қуырылмаған тауық етінен уланғанын дәлелдеді. Олар "Ростикстегі" азық-түліктерді, қызметкерлерді тексере келіп, шикі тауық етінен сальмонелла таяқшаларын тапқан. Ал "Ростикс" американдық жедел тамақтану желісі науқастың емделуге кеткен қаражатын өтеуден бас тартып отыр. Сондықтан бүгін зардап шеккен азамат оларды сотқа берді",- делінген сюжетте.

"Мен жедел жәрдем шақырттым. Жеті күн бойы жабық стационарда ауруханада жаттым. "Ростикста" жеген тауық етінен уланып, сальмонеллезді жұқтырғанымды растап отыр",- дейді Руслан Еримов.

Русланның арызынан кейін тексеру жүргізген СЭС мамандары "КFC -Ростиксте" шикі тауық етінен сальмонелла таяқшаларын тапқан.

Бостандық аудандық мемлекеттік СЭҚБ тағам-гигиена бөлімінің маманы Гүлнұр Смағұлованың айтуынша, ""Ростикс" фастфудынан шикі тауық еті, піскен тағамдар, сүртінділер және қызметкерлер тексерілді. Осы қорытынды бойынша шикі тауық етінен сальмонелла табылды. СЭС-тің тексеруінен кейін "КFC -Ростиксқа" 14 мың 40 теңге көлемінде айыппұл салынды".

Алайда компания уланған азаматтың емделуіне жұмсалған қаражатын өтеуден бас тартқан, деп хабарладйы телеарна.

"Олар: "Біз шетелдік компаниямыз, қазақстандық СЭС пен мемлекеттік мекемелер не десе де, бізге бәрібір" - деді" ,- дейді Руслан Еримов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны