13.09.2017, 21:11 3056

Алматыда ҚХА өкілдерініӊ қатысуымен қазақ тілініӊ латын әліпбиіне өтуіне қатысты мәселе талқыланды

Бүгін Алматыда Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында "Қазақ тілініӊ латын әліпбиесіне өту ерекшеліктері" тақырыбында дөӊгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында "Қазақ тілініӊ латын әліпбиесіне өту ерекшеліктері" тақырыбында дөӊгелек үстел өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Іс-шараныӊ ашылуында дөӊгелек үстелдіӊ модераторы сөз сөйледі. Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Казбек Мамсуров бұл оқиғаныӊ бүкіл халықтыӊ өмірі үшін аса маӊызды екенін атап өте келе, мемлекет басшысыныӊ "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында латын әліпбиіне көшу орыс тілінен бас тартуды білдірмейтінін ашық түсіндіргенін еске салды.

Бұдан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасыныӊ орынбасары Абилфас Хамедов сөз кезегін алды. Оныӊ айтуынша, мұндай өзгерістер Қазақстанныӊ дүниежүзіндегі беделініӊ одан әрі артуына және халықаралық қарым-қатынастарды жақсартуға мүмкіндік береді.

"Жұрттыӊ көбі латын әліпбиіне көшу әлі де ерте және орыс тілді халыққа, орыс халқына қатты әсер етеді деп айтып жүр. Бірақ, мен мынаны айтайын: Изербайжан 1994 жылы күрт қаулы қабылдап, сол жылдан бастап латын әліпбиіне көшті, әрине, қоғамда көзқарас қайшылықтары мен пікірталастар болмай қоймады, бірақ, олар сөйтіп байсалды өтті. Бүгін біз Изербайжан өкілдерімен тілдесеміз, латын әліпбиіндегі кітаптарды оқимыз және бұдан қорқынышты ештеӊені де көріп тұрған жоқпыз", - деді Хамедов.

Бүгінгі күні латын әліпбиін таӊдауда 25 әріп пен 8 ерекше дыбысты белгілейтін 8 диграф қарастырылуда. Сонымен бірге латын әліпбиіне көшу үлгісі латын әріптерімен жазыла бастаған "Qazaqstan" телеарнасыныӊ атауында көрсетіліп отыр.

Іс-шарада сонымен қатар "Барбанг" Қазақстан күрдтері қауымдастығыныӊ төрағасы -Князь Ибрагимович Мирзоевқа сөз берілді.

"Меніӊ бұл мәселеге қатысты көзқарасым мынадай: біріншіден, мен латын әліпбиіне көшеміз деген пікірге қосылмаймын, өйткені, бұл - көшу емес, латын әліпбиіне қайта оралу", - деді Мирзоев.

"Ұлы Абай өзініӊ алғашқы өлеӊдерін шағатай тілінде жазған, яғни, ол араб графикасы еді. 1929 жыла дейін бізде араб графикасы қолданылды және ойшылдардыӊ барлығы соныӊ көмегімен жазды. 1929 жылдан 1940 жылға дейін Ахмет Байтұрсынов әдістемесімен латын әліпбиіне көштік. Сол кезде әзербайжандар да, өзбектер де, қырғыздар да, түрікмендер де, барлық халықтар латын әліпбиімен жазды. Ал 1940 жылдан бастап кеӊестік тоталитарлық режим халықты Еуропа халықтарынан, өз түп-тамырынан, тарихи отанынан ажырату және халықты біріктіру үшін басқа әліпбиге көшіргенін біз білеміз", - деп қорытты өз сөзін Мирзоев.

Сондай-ақ, дөӊгелек үстелге Алматы қалалық тілдерді дамыту басқармасыныӊ басшысы Мамай Ахетов қатысты. Оныӊ айтуынша, қандайда бір әліпбиіге көшу неме оған қайта оралу - әрбір тәуелсіз мемлекеттіӊ өз ісі.

"Қазақ тілі түркі тілдері арасында өзіне лайықты орынға ие болып, тарихтыӊ барлық қырларында қолданылатын болады. Мемлекеттік білім беру саясаты үш тілге: қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне негізделген, ал латын әліпбиіне көшу ағылшын және басқа да еуропалық тілдерді оӊай үйренуге мүмкіндік береді. Бұған қоса латын әліпбиі Қазақстанныӊ дүниежүзіндегі қазақ диаспорасы өкілдерімен рухани және мәдени байланысты бекітуге өз ықпалын тигізеді. Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, латын әліпбиіне көшу неме оған қайта оралу уақытын тапқан деп білеміз, бірақ бұл жерде белгілі бір теориялық қиындықтар бар екенін түсінікті, дегенмен оған асықпай, байсалдылықпен дайындалған жөн", - деді Ахетов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны