01.08.2017, 19:44 4471

Алматыда қыркүйекте бірқатар көшелерде көлік қозғалысы біржақты болады

Сондай-ақ, әкімдіктіӊ хабарлауыша, Алматыда 1 тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды.

Алматы.1 тамыз. Kazakhstan Today - Алматыда көлік қозғалысын ұйымдастырудыӊ Кешенді сызбасы аясында кіші көлік айналымы шекарасына қатысты Шевченко және Құрманғазы көшелерінде көлік қозғалысы біржақты болады.

Шевченко көшесініӊ бойында Достық даӊғылынан Жароков көшесіне дейінгі аумақта трамвай рельстері алынып тасталған соӊ жолдар орташа ағымдағы жөндеуден өтеді және бастыс бағытқа қарай көліктіӊ біржақты қозғалысы ұйымдастырылады, сонымен қатар оӊтүстік жағынан Қонаев көшесінен Жароков көшесіне дейін екіжақты веложол абаттандырылады.

Құрманғазы көшесі бойында Мұқанов көшесінен Достық даӊғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталған соӊ шығыс бағытта біржақты көлік қозғалысы қамтамасыз етіледі.

Биылғы жылдыӊ қыркүйек айында көлік қозғалыстарын осылайша ұйымдастыру кедергі нүктелерді қысқартады, аталған көшелерде апатты жағдайлардыӊ алдын алып, Абай даӊғылындағы көлік қозғалысыныӊ салмағын 15%-ға дейін қысқартады.

№112 бағыттағы автобус шығысты бетке алып, Жароков көшесінен Абай даӊғылы және Мұқанов көшесі бойымен Құрманғазыдан шығады.

Сондай-ақ, әкімдіктіӊ хабарлауыша, Алматыда 1 тамыздан бастап №44 бағыттағы автобус қайта жүре бастайды.

Кезінде, тасымалдаушы жолаушылар легініӊ аздығынан №44 бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатқан болатын, алайда Наурызбай ауданыныӊ тұрғындары үшін бұл бағыт өте қажет. Осыған орай, Алматы қаласыныӊ Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл бағыттағы көлік қозғалысын қайта ашу туралы шешім шығарды, сонымен қатар көліктіӊ аудандық әкімдік, сот, прокуратура, ХҚКО, басқа да мемлекеттік мекемелер орналасқан Наурызбай ауданыныӊ әкімшілік орталығына дейін баруы қарастырылған.

№ 44 бағыт бойынша ЛИАЗ маркалы жаӊа автобустар жүретін болады, жаӊа көлік кондиционермен жабдықталған, қала орталығына келетін жолаушылар үшін өте қолайлы, көліктіӊ соӊғы аялдамасы Орталық стадион.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны