22.10.2015, 14:32 3847

Алматыда қыс мезігілінде көше мен тротуарларды тазалаумен 17 мердігерлік ұйым айналысады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін қыс маусымында көшелерді тазартатын арнайы кәсіпорындардыӊ дайындығын тексеріп көрді

Алматы. 11 Қазан. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін қыс маусымында көшелерді тазартатын арнайы кәсіпорындардыӊ дайындығын тексеріп көрді, деп хабарлады қала әкімдігі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Икімніӊ қатысуымен өткен көшпелі жиын барысында қар жинайтын техника көрсетіліп, аудан әкімдері өздеріне тиесілі аумақтардағы дайындық жөнінде есеп берді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Б.Байбек көше тазалайтын техникалардыӊ жұмыс кестесін нақты жасауды, қар жинау процесін барынша ұтымды ұйымдастыруды тапсырды.

"Біз еӊ алдымен негізгі күре жолдардыӊ қардан тазартылуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Қаланыӊ орталығы ғана тазартылып, қалғандары ұмыт қалмасын, аудандар өз аумақтарын тазалауға міндетті. Қар уақыт саябырсыған кезде жүргені жөн", - деді Бауыржан Байбек.

Бұдан өзге әкім қарды тазалау барысында мердігерлік ұйымдарға жеке жауапкершілік жүктелетінін айтты. Бауыржан Байбек қардыӊ дер кезінде тазаланғанын білу үшін видеокамералар орнатылуы тиіс деді.

Ақпараттық хабарлама: Алматыда көшелердіӊ ұзындығы 1620 км. Оныӊ 65% "Алматы тазалык" МҚК тазалайды. Оныӊ құрамында 860 арнайы техника бірлігі бар. Көше мен тротуарларды тазалаумен 17 мердігерлік ұйым айналысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны