11.09.2018, 21:45 6952

Алматыда KITAP FEST-2018 фестиваліне мыӊдаған қалалықтар келді

"5 жылда біз үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Өйткені, әу баста "KITAP FEST" шарасы тек кітап алмасу ретінде басталған болатын. Ал бүгін бұл фестивальдіӊ аумағында 30-дан астам кітап дүкені мен баспа үйлері өздерініӊ еӊбектерін ұсынып отыр", - деді KITAP FEST-2018 бас үйлестірушісі

Алматы. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда KITAP FEST-2018 фестивалі өтті. Шарада отандық жазушылар өздерініӊ туындыларын халыққа таныстырды. Келушілер сонымен қатар, көрмеге қойылған кітаптармен алмасуға мүмкіндік алды.

"Бұл жәрмеӊке өте жақсы ұйымдастырылған. Биыл 5 жыл өтіп жатыр. Бұл тек кітаптыӊ мәртебесін көтеру ғана емес. Бұл фестиваль кітапты да, жазушыны да, кітап безендіруді де, редакторлықты да, яғни кітап саласына қатысты әрбір еӊбекті насихаттауға арналған көрме деп ойлаймын", - деді Қоӊыр МҰҚАТАЕВА.

Аталған шарада алғаш рет кітаптары көп оқылған жазушылар мен авторлар марапатталды. Сонымен қатар, келген балаларға да қызықты ойын-сауық бағдарламалар қарастырылған. "KITAP FEST" ұйымдастырушылары фестивальдіӊ жыл санап ауқымы кеӊейіп келе жатқанын айтады.

"5 жылда біз үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Өйткені, әу баста "KITAP FEST" шарасы тек кітап алмасу ретінде басталған болатын. Ал бүгін бұл фестивальдіӊ аумағында 30-дан астам кітап дүкені мен баспа үйлері өздерініӊ еӊбектерін ұсынып отыр", - деді KITAP FEST-2018 бас үйлестірушісі Майра ИЛЖАНОВА.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны