16.09.2018, 01:10 12932

Алматыда "Кітапхана - қоғамныӊ көпфункциялы, көпдеӊгейлі әлеуметтік институты" атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті

Кітапханалық съезд республикадағы кітапхана саласыныӊ болашақтағы саясатын айқындайтын, жаӊғыртатын және жаӊаша серпін беретін маӊызды мәдени оқиға болып табылады.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 13-14 қыркүйек күндері Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында, Астана қаласыныӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында "Кітапхана - қоғамныӊ көпфункциялы, көпдеӊгейлі әлеуметтік институты" атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кітапханалық съезд республикадағы кітапхана саласыныӊ болашақтағы саясатын айқындайтын, жаӊғыртатын және жаӊаша серпін беретін маӊызды мәдени оқиға болып табылады.

Қазақстан кітапханашыларыныӊ съезі соӊғы рет 1998 жылы өткізілді және 20 жылдан соӊ барлық жүйелер мен ведомстволардыӊ кітапханалық қауымдастығын алғаш рет жинап отыр. Съезге 200 кітапханашы қатысады деп күтілуде, оныӊ ішінде 184 қазақстандық делегаттар, 16 шетел кітапханаларыныӊ жетекшілері және АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б. мемлекеттер кітапханаларыныӊ мамандары. Осы съезге қатысуға 300-ден астам адам ниет білдірді.

Бүкілқазақстандық съезд - түрлі аймақтық деӊгейдегі көпшілік кітапханалардыӊ, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарыныӊ және мектеп кітапханаларыныӊ мамандары, бейінді мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, бизнес серіктестік және ұқсас ұйымдардыӊ еліміздегі кітапхана ісініӊ мәселелерін сапалы шешу, сапалы адами капиталын қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау, республикадағы кітапхана қорын цифрландыру жолдары, ақпараттыӊ қолжетімділігін заӊнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылайтын, ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіретін кәсіби диалог алаӊы.

Съезд шеӊберінде: кітапхана директорларыныӊ отырысы, тақырыптық секциялық кездесулер, дөӊгелек үстелдер ұйымдастырылады, кітапхана саласыныӊ жетекші шетелдік мамандарыныӊ қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарыныӊ кітапхана қауымдастығымен мерекелік - онлайн-кездесуі өткізілді.

"Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі - елімізде өтіп жатқан тарихи шара. 20 жылда алғаш рет кітапханашылар III съезге жиналып отыр. Кітапханашылар, қоғам белсенділері мен мемлекет өкілдері кітапхана мәселесін талқылау үшін бас қосты. Кітапхана - кітап сақтайтын орын, жазбалар мұрағаты ғана емес, көпфункционалды қоғам институтына айналуы керек. Алыс аймақтағы кітапханалардыӊ техникалық, технологиялық жағдайы ақсап тұр. Мемлекет басшысы 2020 жылдан бастап кітапханаларды цифрландыруды тапсырды",-деді ҚР Ұлттық кітапханасы директорыныӊ орынбасары Ажар Юсупова. Оныӊ айтуынша, кітапхана құжаттарын цифрландыру операциясына сақадай сай. "Кітапханамызда цифрландыру орталығы жұмыс істейді. Алайда, авторлық құқық туралы заӊ біздіӊ жұмысымызға кедергі болуы мүмкін. Себебі, заӊнама бойынша автордыӊ келісімінсіз оныӊ еӊбегін электрондық нұсқаға көшіруге болмайды. Егер осы заӊды қайта қарастырмаса, кітапхана қорын толық цифрландыруға мүмкіндік жоқ",-деді Ажар Юсупова.

Қазақстан кітапханашыларыныӊ съезі соӊғы рет 1998 жылы өткен еді. Араға 20 жыл салып барлық жүйелер мен ведомстволардыӊ кітапханалық қауымдастығы алғаш рет жиналып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны