15.10.2018, 14:41 5339

Алматыда Кітапхана күні және Ұлттық теӊгеніӊ 25-жылдығына орай - "Кітаптар сиқыры" атты кітапхана түні өтті

Қонақтарды кітапхананыӊ әр бұрышына қызықты да шытырман оқиғаларға толы тамаша саяхаттар жасады. Олар "сиқырлы үӊгірде" болып, "ертегілер қазынасын" іздеді, сүйтіп жүріп "сиқырлы ақша банкіне" тап болды

Алматы. 15 қазан. Kazakhstan Today - 12-ші қазанда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі С. Бегалин атындағы орталық балалар кітапханасында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында Кітапхана күні және Ұлттық теӊгеніӊ 25-жылдығына орай - "Кітаптар сиқыры" атты кітапхана түні өтті. Бұнда еӊ белсенді оқырмандар мен шығармашылық конкурстардыӊ жеӊімпаздары үшін ерекше кітап және оқу мерекесі болды.

Қонақтарды кітапхананыӊ әр бұрышына қызықты да шытырман оқиғаларға толы тамаша саяхаттар жасады. Олар "сиқырлы үӊгірде" болып, "ертегілер қазынасын" іздеді, сүйтіп жүріп "сиқырлы ақша банкіне" тап болды, соӊында "жұмбақ аралда" қалу не қалмау мәселесін шешті. Кітапхана түні - балалар мен ата-аналардыӊ кітап оқуға деген белсенділігін көтеру, оқу проблемаларына БАҚ пен қоғамныӊ назарын аудару мақсатында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны