13.06.2018, 23:15 4250

Алматыда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудағы азаматтық сектордыӊ рөлі талқыланды

Атап айтқанда, 2018 жылдыӊ өткен кезеӊінде сыйақы ретінде 900 мыӊ теӊге төленді. 2017 жылы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған тұлғаларға шамамен 3 млн теӊге төленген.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда бүгін "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастырудағы азаматтық сектордыӊ рөлі" деген тақырыпта азаматтық бастамалардыӊ конгрессі өтіп, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістері талқыланып, атқарылған жұмыстардыӊ нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұл іс-шара сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алуға және оныӊ алдын алу жүйесіне азаматтық қоғамды кеӊінен тартуға бағытталған.

Қазақстан мемлекет басшысы осы жолғы халыққа арнаған жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті және еӊ алдымен оныӊ алдын алуды аса маӊызды міндет ретінде белгіледі. Бұл істе әрқайсымыз қатысқан жағдайда сәттілікке қол жектізу мүмкіндігі бар", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ төрайымы Байханова Айгүл.

Оныӊ айтуынша, конгресс сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бей-жай қарамайтын және оған өз үлесін қосуға ниеті барлардыӊ барлығын топтастыруды көздейді.

Сонымен қатар ол Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты жұмыстардыӊ нәтижесін жария етті.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюроныӊ басшысы Ержан Ибрагимовтыӊ іс-шара барысында хабарлағанындай, алматылықтар жыл басынан бері сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлағаны үшін 900 мыӊ теӊге алды.

Оныӊ нақтылауынша, сыйақыныӊ мөлшері жасалған қылмыстыӊ ауырлық дәрежесіне байланысты.

"Аса ауыр емес қылмыстар үшін берілетін марапат 40 АЕК мөлшерінде. Ал орташа деӊгейдегі ауыр қылмыстар үшін 50 АЕК мөлшерінде , ауыр қылмыстар үшін 70 АЕК дейін марапат тағайындалады. Ал аса ауыр қылмыстар туралы хабарлаған адамға 100 АЕК мөлшерінде сыйақы табысталады", - деді департамент басшысы 13 маусымда өткен баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, 2018 жылдыӊ өткен кезеӊінде сыйақы ретінде 900 мыӊ теӊге төленді. 2017 жылы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған тұлғаларға шамамен 3 млн теӊге төленген.

"Өткен мерзімде біз 54 қылмыстық іс қозғадық. Олардыӊ ішінен шамамен 40 іс сотқа жолданды. Қылмыстық жауапкершілікке 18 тұлға тартылды. Тексеріліп жатқан істердіӊ шеӊберінде ҚР ҚПК 200-бабыныӊ тәртібіне сәйкес осындай сыбайлас жемқорлық қылмыстардыӊ алдын алу мақсатында еӊбек ұжымдарында қарастырылуы үшін таныстырулар жолданды. 170 млн теӊге көлемінде шығын анықталып, ол 100 пайыз өтелді", - деді Ибрагимов.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызметкерлердіӊ еӊбекақысын төлеудіӊ жаӊаша жүйесін қолдану нәтижелері белгілі болды.

"Есептік жылда қол жеткізілген маӊызды нәтиже - еӊбекақы төлеудіӊ мүлдем жаӊаша жүйесін жасау болды. Онда еӊбекақы мөлшерін белгілеудіӊ түрліше көзқарастары қолданылады. Жылдыӊ басынан бері бұл жүйе пилотты режимде Иділет министрлігінде, агенттіктіӊ өзінде және жергілікті атқарушы билік органдарында қолданылуда. Астана мен Маӊғыстау облысы секілді екі өӊірде жаӊа жүйені қолданысқа енгізудіӊ нәтижесінде мемлекетітк қызметкерлердіӊ жалақысыныӊ мөлшері 2-2,5 есе өсті. Еӊбекақы төлеудіӊ жаӊаша жүйесініӊ есебінен орталық пен өӊірлердегі қызметкерлердіӊ жалақысындағы тепе-теӊсіздік 70%-дан 10%-ға дейін қысқарды. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке деген қызығушылықты арттырып, оныӊ беделін нығайтатыны сөзсіз. Егер бұған дейін бір бос орыннан үміткерлердіӊ саны екі адамнан аспаған болса, қазір олардыӊ саны 20-ға жетеді", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ жұртшылықпен байланыс департаментініӊ директоры Арман Бердалин.

Оныӊ айтуынша, еӊбекақы мөлшерін арттыру мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықты азайтудыӊ шешуші факторларыныӊ бірі болып табылады.

"Дамыған елдердіӊ барлығы осы жолмен жүріп өткен. Тұтастай алғанда қолданылған шаралар азаматтардыӊ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатына қатысты сенімін арттыра түсуге септігін тигізді", - деді Бердалин.

Оныӊ айтуынша, халықаралық сарапшылар да елімізде сыбайлас жемқорлық деӊгейініӊ біршама төмендегенін атап отыр. Айталық, дүниежүзі бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес және сыбайлас жемқорлық деӊгейін зерттеу бойынша халықаралық үкіметтік емес ұйым болып табылатын Transparency International рейтингі бойынша Қазақстан алғаш рет 31 балл жинап сыбайлас жемқорлықтыӊ төменірек деӊгейі аймағынан орын алды. Рейтингке сәйкес, Қазақстан бұған дейін 131-ші орында болса, бір жылдыӊ ішінде тоғыз орынға жоғарылап 122-ші орынға тұрақтады.

Жұртшылықпен байланыс департаментініӊ директоры өз сөзініӊ соӊында атап өткендей, 2016 жылғымен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық деӊгейі 18%-ға төмендеген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны