30.06.2015, 14:32 7291

Алматыда қоғамдық көлік үшін тағы бір арнайы жолақ ашылды

Бұл туралы қалалық Автомобиль жолдары басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ғани Мырзаханов баспасөз брифингі барысында м?лім етті

Алматы. 30 Маусым. Kazakhstan Today - Қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ "барахолка" базарыныӊ маӊында пайда болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы қалалық Автомобиль жолдары басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ғани Мырзаханов баспасөз брифингі барысында м?лім етті, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Солтүстік айналма жолы көшесімен "Адем" сауда үйінен Бөкейханов көшесіне дейінгі аралықта автобустарға арналған арнайы жолақ ашылды. Жол аса биік емес бордюрмен қоршалған. Қажет кезде қоғамдық көліктер қозғалыс жолағын өзгерте алады",- деді Ғ.Мырзаханов.

Оныӊ айтуынша, қазір жол бойында бақылау камералары орнатылып жатыр.

Естеріӊізге сала кетейік, автобустарға арналған жеке жолақ 15 маусымда Абай көшесінде жұмысқа кірісті. Жаӊа бастаманы қала тұрғындары оӊ қабылдады. Олардыӊ айтуынша, автобустар жүру уақытыныӊ алшақтығы қысқарып, қатынайтын рейстер саны артты.

Осы уақытқа дейін 100-ден астам жеӊіл көлік жүргізушісіне ереже бұзғаны үшін хаттама толтырылып үлгерді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны