29.07.2015, 15:23 3622

Алматыда қойма өртенді

Қазіргі таӊда өрттіӊ себеп-салдары анықталуда.

Алматы. 29 Шілде. Kazakhstan Today - Алматыныӊ Түрксіб ауданында қойма өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі. Өрт аумағы 140 шаршы метрді құрады.

"Ахметов көшесі 20 мекенжайындағы қойма өртке оранды. Қойма Түрксіб ауданындағы әуежай маӊында орналасқан. Тілсіз жау сағат 12:05-те ауыздықталды. Қазіргі таӊда ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 140 шаршы метрді құрады", - деді Алматы ТЖД баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахмет, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазіргі таӊда өрттіӊ себеп-салдары анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны