24.10.2018, 21:08 9458

Алматыда көкпар ұлттық ойыны қайта жаӊғыртылуда

Сайын даланы жаудан аман сақтау үшін жауынгер де, астындағы тұлпар да бабында болып, жігерлі болуы үшін осы көкпар ойынын өткізіп тұрған. Сондықтан да мұнда тек ғана ойын емес үлкен мән-мағына, ұрпаққа деген тәлім-тәрбие жатыр.

Алматы. 24 қазан. Kazakhstan Today - Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-да "Рухани Жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Жастар Көкпар Лигасы" мен ҚазҰУ-дыӊ ұйымдастыруымен ұлттық спортымызды дамыту мақсатында "JKL PROFI 3x3" форматында кәсіби көкпар командалары арасында тартысты көкпар ойыны өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Аталмыш тартысты ойынды тамашалауға ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов, Түркі дүниесі Журналистер федерациясыныӊ президенті Мендерес Демир мырза мен түрік делегациясы, және де "Жастар Көкпар Лига" кеӊесініӊ Данияр Дәукей мен ұлттық спортымыздыӊ жанашырлары жиналды.

Биылғы көкпардыӊ артықшылығы мұнда тек қана студенттерден құралған командалар емес, сонымен қатар кәсіби көкпар командалары да қатысты. Тартысты доданы салтанатты түрде ашып берген ҚазҰУ ректоры ұлттық спортымызды қолдауға келген көпшілік қауымға өз алғысын білдірді.

"Осынау ұлан-ғайыр кеӊ даланы ата-бабаларымыз білектіӊ күшімен найзаныӊ ұшымен сақтап қалғаны баршамызға ақиқат. Сайын даланы жаудан аман сақтау үшін жауынгер де, астындағы тұлпар да бабында болып, жігерлі болуы үшін осы көкпар ойынын өткізіп тұрған. Сондықтан да мұнда тек ғана ойын емес үлкен мән-мағына, ұрпаққа деген тәлім-тәрбие жатыр. Көкпар ол біздіӊ рухани құндылығымыз, осы орайда ұлттық спортымыздыӊ жанашырына айналған, жастарға қолдау көрсетіп келе жатқан Данияр Дәукей мырзаға айтар алғысымыз шексіз. Ұлттық құндылық ол ұлттыӊ мызғымас байлығы, ендеше осынау асыл мұрамызды сіз бен біз болып жаӊғыртуға атсалысайық", - деді Ғ. Мұтанов.

Түркі дүниесі Журналистер федерациясыныӊ президенті Мендерес Демир мырза өз кезегінде Қазақстанда ұлттық спорттыӊ қарыштап дамып келе жатқандығына өз ризашылығын білдірді. "Мен сіздердіӊ оқу орындарыӊызды аралау барысында қаншалықты халықаралық деӊгейде дамып келе жатқандығына куә болдым. ҚазҰУ әлемніӊ 250 үздік университетініӊ қатарына еніп, әлем алдындағы беделі қарыштап дамып келеді. Білім мен ғылымды дамытумен қатар өз дәстүрлеріӊізге де қаншалықты берік екендеріӊізге бүгінгі көкпар ойыны дәлел. Көкпар бұл түркітілдес елдерге ортақ ұлттық ойын, өкінішке орай арамыздан жыл санап ұмыт болып барады. Осы орайда мен қазақ жастарыныӊ осы ұлттық спортқа деген ерекше махаббаттарын көріп, өзімізге үлгі ретінде алып отырмын. Алдағы уақыта көкпар ойынын Түркияда, Европада, тіпті бүкіл әлемге жарнамалап, қайта жаӊғырту жолында белсене жұмыс атқаруға дайын екенімізді жеткізгім келеді", - деді Мендерес Демир.

Жалпы "JKL PROFI 3x3" форматы Көкпарды қалалық жерлерде дамытуға өте оӊтайлы формат болып саналады. Яғни бұл форматта ойын өткізу алаӊ аумағыныӊ кіші және көкпаршылар саныныӊ аздығын кедергі санамайды, бұл формат елімізде кеӊ таралуда.

Тартысты додада ҚазҰУ құрама командасы бар күштерін салып, көрермен қауымға ерекше аламан ойын көрсете білді. Команда құрамында өнер көрсеткен Абылайхан Қожамбердиев, Мади Шойбек, Бердіғали Жакешев, Айболат Бердімұрат университет намысын қолдан бермей жанкүйерлердіӊ ыстық ықыласына бөленді. Тартысты ойында ақтық м?реге жетіп жеӊісті "Алмалы" көкпар құрама командасы олжалады. Ал 2-орынды Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-дыӊ студенттері еншілесе, 3-орын Қазақ спорт туризм академиясы мен "Астана" құрама командасына бұйырды. Аламан бәйгеде көкпаршылар көрерменіӊ көӊілінен шығып, көпшілік қауымныӊ ризашылығына бөленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны