21.05.2015, 13:10 4016

Алматыда көлік жүргізушісін ұрған "ҰҚК капитаны" ұсталды

Алматыда жеӊіл көлік жүргізушісіне қол көтеріп, балағаттаған "ҰҚК капитаны" ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға Алматы көшелерініӊ бірінде болған. Аулаға келіп тоқтаған көліктіӊ жүргізушісіне белгісіз бір ер адам келіп, орнынан кетуін бұйырады

Алматы. 21 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда жеӊіл көлік жүргізушісіне қол көтеріп, балағаттаған "ҰҚК капитаны" ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Оқиға Алматы көшелерініӊ бірінде болған. Аулаға келіп тоқтаған көліктіӊ жүргізушісіне белгісіз бір ер адам келіп, орнынан кетуін бұйырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар бұзақы жүргізушініӊ қабағын жарып, балағат сөзбен сыбаған. Бұл бейнеролик әлеуметтік желіде таралып, пайдаланушылардыӊ наразылығын тудырды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Бостандық аудандық ІІБ қызметкерлерініӊ араласуымен бұзақыныӊ кім екені анықталды. 30 жасар Алматы тұрғыны тіпті еш жерде, шын мәнінде ол адам ҰҚК-інде жұмыс істемейтін болып шықты", - делінген хабарламада.

Қазір ҚР ҚК 293-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізушініӊ денсаулығына келтірілген нұқсанныӊ деӊгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны