15.06.2017, 14:16 5695

Алматыда "Көліктер-3" мультипликациялық фильмініӊ қазақ тілінде дубляждалған көрсетілімі болды

Бұл - президенттік "Болашақ" бағдарламасы стипендианттары қорыныӊ 6 жыл ішінде қазақ тілінде сөйлеткен жиырмасыншы мультипликациялық фильмі.

Алматы. 15 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда "Көліктер-3" ("Тачки-3") мультипликациялық фильмініӊ қазақ тілінде дубляждалған көрсетілімі болды. Бұл - президенттік "Болашақ" бағдарламасы стипендианттары қорыныӊ 6 жыл ішінде қазақ тілінде сөйлеткен жиырмасыншы мультипликациялық фильмі. Осылайша, қазақ тілі Sony Picturesтіӊ 7-ші тіліне, Walt Disneyдіӊ 39-ыншы тіліне және әлем бойынша DVD, Blu-Ray арқылы көруге болатын голливудтық фильмдердіӊ 7-інші негізі тілдерініӊ біріне айналды.

Алматы қаласыныӊ әкімі, "Болашақ" қоры қамқоршылар кеӊесініӊ төрағасы Бауыржан Байбек Мемлекет басшысыныӊ қоғамдық сананы жаӊғырту жөніндегі мақаласында тек ұлттық код пен мәдениетті ғана сақтап қалмай, озық тәжірибені де өмірге кеӊінен енгізу қажет екендігін атап көрсеткенін айтты. Сондықтан "Болашак" қоры үшін қазақ тілін, ұлттық мәдениетті, дәстүрді дамытуға үлес қосу шетелдік киноларды қазақ тілінде сапалы дубляждау болып табылады, осыныӊ арқасында балалар үздік әлемдік фильмдерді ана тілінде көре алады.

"Көліктер-3" - қазақ тілінде дубляждалған 20- шы шетелдік фильм. Сонау 2011 жылы "Көліктер - 2" фильмін ана тілінде сөйлету арқылы голливудтық фильмдер қазақша дубляждала бастады. Бүгінгі күні екі отандық компания Walt Disney компаниясыныӊ фильмдерін дубляждау бойынша лицензияға ие, 150 шығармашылық және техникалық мамандар Disney студиясыныӊ стандарты бойынша фильмдерді дубляждау бойынша дәріс алды.

""Жалпы "Көліктер- 3" мультфильмін дубляждау "Көліктер-2"-ге қарағанда оӊай болды. Сонау 2011 жылғы дублжядау мен және актерлар үшін алғашқы жоба еді. 6 жыл ішінде біз біраз тәжірибе жинақтадық, дубляждыӊ қыр- сырын үйрендік. Студияда актерлардыыӊ қазақша даусын екі апта ішінде жазып алдық, ал "Көліктер- 2" кезінде біз бұған төрт апта жұмсаған болатынбыз. Оныӊ үстіне фильмніӊ үшінші бөлімінде кейіпкерлер саны аз. Меніӊ режиссер ретіндегі басты міндетім - мәтінді ретке келтіру. Ир кейіпкердіӊ стилистикасын өӊдеу, олардыӊ бірі тез сөйлесе, екіншісі мелахнолик - баяу айтады, барлық кейіпкерлер біріне бірі ұқсамайды, түрлі. Осылардыӊ барлығын қазақ тіліне енгізу қажет. Жазып алудан гөрі мәтін бойынша көп жұмыс атқардым", - деді қазақ дубляжыныӊ режиссері әрі мәтін реттеуші Айжан Жамшитова.

Дубляжға барлығы 30- дан астам актерлар қатысты. Сая Тоқанғалиева (Круз Рамирез), Сырым Қашқабаев (Джэксон Шторм), Нартай Сауданбекұлы (Стерлинг), Болат Ұзақов (Смоки Мо) және басқалары кейіпкерлерді қазақша сөйлетті. Мәтін аудармашысы - Нұрдәулет Затилла.

Атап өтерлік жайт, жоба 2011 жылы ел Президенті Н. И. Назарбаевтыӊ жоғары бағасын алды, сонымен қатар Қазақстан киноматографистер одағыныӊ "Қазақстан киноөнеріне қосқан үлесі үшін" сыйлығын иеленді. Жалпы, қазақшаланған барлық фильмдер Қазақстанныӊ ұлттық өнімі және "ҚР Назарбаевтыӊ зияткерлік мектебі" АҚ- ы кітапханаларына білім ресурстары әрі қазақстандық балаларға ана тілін үйретудіӊ қосымшасы ретінде ұсынылған.

Естеріӊізге сала кетейік, ана тілін насихаттау және 2011-2020 жылдары тілдерді дамытудыӊ Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыуға ықпал ету үшін "Болашақ" қоры "Меломан" компаниясымен бірге голливудттық фильмдерді қазақ тілінде дубляждау жобасын қолға алған еді. Фильмдерді дубляждау коммерциялық емес, әлеуметтік жоба болып табылады. Жоба іске асқалы бері 20 голливудтық кинокартиналарға дубляж жасалды. Илемдік кино жұлдыздар Уилл Смит, Джонни Депп, Анджелина Джоли және басқалары алғаш рет қазақша сөйлей бастады,- деп хабарлайды Алматы қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны