29.12.2015, 17:09 4773

Алматыда колледж директоры 7 жылға сотталды

Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжініӊ директоры Маран Тақабаев 7 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжініӊ директоры Маран Тақабаев 7 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттыӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

№2 Бостандық аудандық соты Алматы мемлекеттік сервис және технология колледжініӊ директоры Маран Тақабаевқа, колледждіӊ бас есепшісі Людмила Петрищеваға, есепші Жұлдыз Нұрқалиеваға, экономист Салтанат Малыбаеваға, "ART-Белес" ЖШС директоры Талғат Мұхамадиевқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Аталған тұлғаларға біреудіӊ сеніп тапсырған мүлкін қолды етіп, аса ірі көлемде қаржы жымқырған деген айып тағылды.

Іс материалдарына сәйкес, М.Тақабаев 2008 жылдан бері қылмыстық жоспар бойынша жұмыс жасап келген.

Атап айтқанда, колледжде оқымайтын студенттердіӊ атына стипендия алып отырған. Сондай-ақ, оқу орныныӊ директоры жоғарыдағы тұлғалармен біріге отыра колледжге қағаз жүзінде бөтен адамдарды жұмысқа алған. Олардыӊ атына түскен жалақы мен төлемдерді өздері иеленіп отырған.

Талғат Мұхамадиевтіӊ жоғарыдағылармен алдын-ала сөз байласып құны 4 640 980 теӊге болатын мүлікті қолды еткені анықталды.

Сот үкіміне сәйкес, М.Тақабаев ҚР ҚК 176-бабыныӊ 4-тармағы, 314-бабыныӊ 1-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Л.Петрищева, Ж.Нұрқалиева ҚР ҚК 176-бабыныӊ "б" бөлімімен 7 жылға, С. Малыбаева ҚР ҚК 176-бабы, "б" бөлімімен 5 жылға, Т. Мұхамадиев ҚР ҚК 176-бабыныӊ 4-тармағы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айрылды.

Сотталғандардыӊ есебінен мемлекетке 44 400 095 теӊге көлемінде шығын өтелді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны