02.08.2018, 18:17 4503

Алматыда колледждерде білім беру гранттарын бөлуде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері талқыланды

Жұмыс кездесуі нәтижесінде колледждердіӊ басшылығы агенттіктіӊ бұл бастамасына толық қолдау белдіріп, талқылау барысында комиссия жұмысыныӊ барысында байқалуы ықтимал потенциалдық сыбайлас жемқорлық көріністері тәуекелін анықтау алгоритмін белгілеу бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday- Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаменті мен Алматы қалалық білім басқармасы бірлесіп Алматы қаласындағы колледждерде білім беру гранттарын бөлуде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері бойында жұмыс кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қоғамдық бақылау бағдарламасын жүзеге асыру шеӊберінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жұртшылықты білім беру гранттарын тағайындау кезінде байқау комиссияларыныӊ жұмыс үдерістеріне атсалысуға шақырды. Жұмыс кездесуіне қаладағы барлық коллердждіӊ директорлары қатысты, онда департамент өкілдері білім беру гранттарын заӊсыз тағайындауға жол бермеуге баса назар аударуға шақырды.

"Білім беру гранттарын бөлу барысыныӊ ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында бұл жұмысқа қатысу үшін біз комиссиялардыӊ құрамына жұртшылық өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, аталған үдерістердіӊ заӊдылығын бақылаушы ретінде департаменттіӊ арнаулы мониторингтік тобыныӊ мүшелерін шақырдық", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаменті басшысыныӊ міндетін атқарушы Геннадий Данияров.

Жұмыс кездесуі нәтижесінде колледждердіӊ басшылығы агенттіктіӊ бұл бастамасына толық қолдау белдіріп, талқылау барысында комиссия жұмысыныӊ барысында байқалуы ықтимал потенциалдық сыбайлас жемқорлық көріністері тәуекелін анықтау алгоритмін белгілеу бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны