16.02.2007, 18:09 3090

Алматыда контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін цех анықталды

АЛМАТЫ. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауды тексеру барысында контрафакт бейнеөнімдерін өндіретін және сататын цех анықталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Бас прократурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Иуезов ауданындағы Ақбұлақ ауылында табылған қоймадан отандық және шетелдік фильмдер жазылған 5 мыңнан астам DVD-дискілер, сонымен қатар, контрафакт өнімдерді көбейтуге арналған аппаратура тәркіленді. Прокуратура фильмдерді одан әрі қала базарларында сату үшін көшірілгендігін анықтады.

Алдын-ала берілген мәліметтерге сүйенсек, құқық иесіне келген шығын шамамен 15 млн теңгені құрап отыр.

Аталмыш дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 184-бабының 3-тармағының, "в" тармақшасында қарастырылған қылмыс құрамы бойынша қылмыстық іс қозғалды (Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану, сондай-ақ контрафакт көшірмелерді, туындылар мен фонограммаларды сату мақсатында алу, сақтау, өткізу немесе дайындау).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны