15.04.2015, 10:30 4207

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 200-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматы қаласыныӊ Медеу ауданындағы Есенов көшесініӊ бойында орналасқан №15-ші бес қабатты тұрғын үйдіӊ шатырынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментініӊ баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахмет хабарлады

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ Медеу ауданындағы Есенов көшесініӊ бойында орналасқан №15-ші бес қабатты тұрғын үйдіӊ шатырынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментініӊ баспасөз хатшысы Нұрбек Қожахмет хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оныӊ айтуынша, ТЖ департаментініӊ "101" кезекші бөліміне өрт туралы хабар сағат 20.06-да келіп түскен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Артынша, барлық өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына жөнелтілді. Онда сағат 20.15-те өрт сөндірушілердіӊ алғашқы бөлімшесі келіп жетті. Тілсіз жау сағат 21.24-те ауыздықталып, сағат 22-лер шамасында толығымен сөндірілді. Оны жоюға 12 негізгі және 10 арнайы техника мен жеке құрамныӊ 90 адамы жұмылдырылды. Өрттіӊ аумағы 1000 шаршы метр жерді құрады. Оқиға орнынан қауіпсіз аумаққа 200-ге тарта адам көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттіӊ шығу себептері анықталу үстінде", - деді Нұрбек Қожахмет.

Айта кетелік, қазір Медеу ауданыныӊ әкімдігі адамдарды уақытша баспанамен және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге күш салуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны