20.09.2007, 17:27 3190

Алматыда "Қорғау-2007" кешенді тактикалық-арнайы жаттығу өтеді

Алматыда "Қорғау-2007" кешенді тактикалық-арнайы жаттығу өтеді.

Алматы. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда 24 - 29- қыркүйек аралығында "Қорғау-2007" кешенді тактикалық-арнайы жаттығу өткізіледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Алматы қалалық мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және салдарын жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алматы әкімінің қаулысымен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың азаматтық және аумақтық қорғаныс шараларын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді шешуге жан-жақты дайындық мақсатында 24 - 29-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің Жаяу әскерінің Искери институтының полигонында "Қорғау" атты аумақтық қорғаныс саласындағы кешенді тактикалық-арнайы жаттығуы өткізіледі",- деп айтылған бейсенбіде таратылған хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жаттығу үш кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезең "жергілікті әскери басқарма органдарында байланыс ротасы мен медициналық взвод үшін жеке құрамды хабарландыру, жинау және құрудан, сондай-ақ жиналу орнына марш жасаудан" тұрады.

Екінші кезең "жылжымалы байланыс пункітінің Алматы әкімінің дағдарыс жағдайын басқару орталығымен, төтенше жағдайлар аймағы мен аудандарда қызмет ететін қызметтермен, өте маңызды нысандарды күзететін бөлімшелермен байланыс құруды ұйымдастыруда" қорытындыланады.

Үшінші кезең барысында " азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі госпиталь құру мен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі медициналық қызмет бөлімшелерінің іс-қызметін ұйымдастыру жоспарланады.

"Жүргізілген жаттығу қорытындысы Алматы әкімшілігінде талқыланатын болады",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны