22.06.2018, 16:28 8389

Алматыда ҚР балалар онкогематологиялық қызметіне 25 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

21-22 маусым күндері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Педиатрлар Одағы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ ұйымдастыруымен Алматыда онкогематологиялық қызметтіӊ 25 жылдығына орай "Балалар онкогематологиялық қызметініӊ дамуына 25 жыл: жетістіктері мен келешегі" деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Алматы. 22 маусым. Kazakhstan Today - Биыл Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанынан ашылған Республикалық балалар онкогематологиялық бөліміне - 25 жыл. Алғаш орталық ретінде ашылған онкогематологиялық бөлім 25 жыл ішінде қаншама мыӊ бала мен олардыӊ ата-аналарына үміт сәулесін сыйлып, емделмейді деген "жаман ауруды" жеӊіп, мыӊдаған отбасыларға қуаныш пен бақыт сыйлауда.

21-22 маусым күндері ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Педиатрлар Одағы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ ұйымдастыруымен Алматыда онкогематологиялық қызметтіӊ 25 жылдығына орай "Балалар онкогематологиялық қызметініӊ дамуына 25 жыл: жетістіктері мен келешегі" деген тақырыппен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Халықаралық деӊгейде өтетін жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаева, ҚР ҰҒА академигі Камал Ормантаев, Ресей, Түркия, Швейцария, Беларусь, Украина, Қырғыстан, Тәжікстан және т.б. елдердіӊ шетелдік және қазақстандық ғалымдары, әлемніӊ еӊ мықты онколог-дәрігерлері, үкіметтік емес ұйымдардыӊ, ТМД елдері практикалық денсаулық сақтау ұйымдарыныӊ өкілдері, ата-аналар қауымдастығы, қоғамдық ұйымдар, еліміздіӊ барлық аймағынан медициналық ұйымдардыӊ өкілдері мен онколог-дәрігерлері, жалпы саны 200-ден астам делегат қатысады.

Конференцияда онкологиялық және гематологиялық ауруларға шалдыққан балалар мен жасөспірімдерге мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру аспектілері, балалар жасындағы онкологиялық және гематологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудіӊ бүгінгі инновациялық технологиялары, онкологиялық және гематологиялық ауруларға шалдыққан балалар мен олардыӊ отбасыларына психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері және ерте анықтау мен емдеудіӊ өзекті мәселелері талқыланады.

ҚР ДСМ-ніӊ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы жанынан ашылған Республикалық балалар онкогематологиялық бөлімі 1993 жылдыӊ 10 мамыр күні ашылды. 60 төсек-орынға арналған алғашқы бөлімшеніӊ ашылуына Педиатрияныӊ атасы, сол кездері орталық басшысы болған, белгілі академик Камал Ормантаев пен профессор Күлән Омарова мұрындық болды.

1993 жылға дейін, яғни балалар онкогематологиялықорталығы ашылғанға дейін бұл ауру айықпайтын және қатерлі деп саналды. Бұл мәселені шешудіӊ жалғыз жолы - лейкозды емдеудіӊ халықаралық хаттамасын енгізу болды. Сонау қиын кездері орталықтыӊ құрылуы "КЭР-Германия" қайырымдылық ұйымы мен "Бөбек" балалар қорыныӊ төрайымы Сара Алпысқызы Назарбаеваныӊ қолдауымен мүмкін болды. С.А.Назарабаева қайырымдылық телемарафонын ұйымдастырып, бір жыл бойы орталықты қажетті дәрі-дәрмектермен, қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз етті. Осылайша, ТМД елдері мен Орталық Азияда ғане емес, елімізде тұӊғыш рет онкогематологиялықорталығы ашылып, Австрия мен Германияныӊ халықаралық BFM бағдарламалық емі қолданыла бастады. Бұл әдіс әлі күнге дейін елімізде қолданылып келеді. "BFM" хаттамасы дегеніміз - Берлин, Франкфурт, Мюнстер. Осы үш қаланыӊ ғалымдары балалардыӊ онкологиялық ауруын емдеу мақсатында арнайы бағдарлама құрған. Қазірдіӊ өзінде әлемніӊ 30 елі бұл әдісті қолданады. Тәжірибе көрсеткендей, бұл әдістіӊ көмегімен соӊғы 25 жылда ақ қан ауруыныӊ лимфобласты түріне шалдыққандардыӊ 82 пайызға, ал қан ауруыныӊ еӊ қауіптісі саналатын миелойдты түрініӊ 62 пайызы жазылды. Қазақстанда балалар онкогематологиялық қызметініӊ ашылуымен, соӊғы 25 жылдағы дамуы жіті лейкозға шалдыққан науқастардыӊ өміршеӊдігін жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таӊда елімізде онкологиялық дертке шалдыққан бүлдіршіндерді аман алып қалу үшін барлық амалдар қарастырылуда. Жыл өткен сайын бұл ауруға да тойтарыс беріле бастады. Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығыныӊ "Онкогематология" бөлімі ашылған уақыттан бері осы қауіпті кеселдіӊ алдын-алу, науқасты емдеумен айналысып келеді.

Елімізде балалар онкологиясын емдейтін екі республикалық орталық бар. Оныӊ бірі Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы болса, екіншісі Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы. Балаларға диагностикалық және емдік көмек көрсететін онкологиялық және гематологиялық бейіндегі Педиатрия орталығы 115 төсек-орынға арналған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруға шалдыққан балалардыӊ мәселесіне ерекше назар аударады. Педиатрия орталығындағы балалар тегін емделеді. Мемлекет қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен толық қамтып отыр.

Қазақстанда 2017 жылы алғаш анықталған қатерлі ісіктер саны 610 баланы құрады, оныӊ 39%-ы жіті лейкозға және 61%-ы тығыз ісіке шалдыққандар. Жылына орта есеппен алғанда республикалық орталықтарда қатерлі ісікке шалдыққан 5000-ға жуық бала емделеді. Шара аясында онкогематологиялық ауруға шалдыққан балалардыӊ сән көрсетілімі, ауыр дертті жеӊген балалар туралы түсірілген "Мен жеӊімпазбын!" фильмініӊ таныстырылымы өтеді. Сонымен қатар, дертінен айыққан, бүгінде отбасылы болып отырған пациенттер ақ халатты абзал жандарға өз алғыстарын білдірмек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны