20.03.2012, 11:24 3487

Алматыда ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

ҚР Президентінің Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин талқылау барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру мақсатында қазіргі сыртқы қауіпті сараптау мен жіті зерттеуге мән беру керектігін атап өтті.

Алматы. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында іргелес аймақтардағы геосаяси жағдайлар мен Орталық Азиядағы жаңа қауіп-қатерлер проблемалары қаралды.

ҚР Президентінің Көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Марат Тәжин талқылау барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіру мақсатында қазіргі сыртқы қауіпті сараптау мен жіті зерттеуге мән беру керектігін атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, аймақтағы мемлекеттердің әскери-саяси ынтымақтастығын бекіту мен болуы мүмкін трансшекаралық мәселелерді шешуде Қазақстан ұжымдық шараларды нығайту арқылы Орталық Азияда ұлттық мүдделерін қамтамасыз ете алады. Отырыстың қорытындысы бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мен оның ведомствоаралық комиссиясына нақты ұсыныстар жолданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны