11.01.2019, 15:51 8298

Алматыда "Құран" аудармасыныӊ таныстырылымы өтті

Қазақстан азаматы, ұлты қазақ Серік Рысжанов Құранды орыс тіліне аударды. Кітап 1000 дана көлемінде шығарылды. Аударманыӊ ерекшелігі - автор өз бетінше Құрандағы араб тілін үйреніп, Исламдағы қандай да бір ағымдардыӊ көзқарасына сүйенбестен Құранды аударды.

Астана. 11 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылдыӊ 10 қаӊтарында Алматыда "Құран" аудармасыныӊ таныстырылымы өтті. Қазақстан тарихында тұӊғыш рет Қазақстан азаматы, ұлты қазақ Серік Рысжанов Құранды орыс тіліне аударды. Кітап 1000 дана көлемінде шығарылды. Аударманыӊ ерекшелігі - автор өз бетінше Құрандағы араб тілін үйреніп, Исламдағы қандай да бір ағымдардыӊ көзқарасына сүйенбестен Құранды аударды.

Автор өз сөзінде атап өткендей, ол Исламды 1998 жылдан бастап зерттеп келе жатыр екен. "Осы уақыт ішінде мен тариқаттан бастап, тәкфірге дейінге барлық ағымдарда болып келдім. Уақыт өте келе мен бұл бағыттардыӊ субъективті екенін түсініп, Құран мәтінін тікелей түсіну үшін өз бетімше араб тілін үйрене бастадым. Ол үшін мен Мәскеу мемлекеттік университетініӊ профессоры В.В.Лебедевтыӊ "Учись читать Коран по арабский" атты үш томдық кітабын және Барановтыӊ екі томдық сөздігін сатып алдым. Бүкіл курсты бір жарым жыл ішінде оқып шықтым. Оған қоса, Құранныӊ орыс тіліне аудармаларын, шамамен 15 аудармасын зерттеп, ондағы аударма Исламдағы белгілі бір көзқарастардыӊ негізінде жасалғанын түсіндім. Меніӊ аудармам Құран өзін-өзі түсіндіретіндей әдістемеге негізделген".

Серік Рысжанов адамдарда Құранды түсіну үшін басқа да балама болуы керек деп есептейді.

Автордыӊ ниеттес жолдасы Ил-Фараби Болатжан Рысжановтыӊ мақалаларын аударумен айналысады. Келешекте Құранды қазақ тіліне аударуға ниетті, өйткені қазір өзі де араб тілін меӊгеріп жатыр.

"Қазақ тілді ортада рухани материалдар аз, бар болса да, олардыӊ баламасы жоқ. Мұсылмандардағы басты қиындық - олар Құранды шашыраӊқы түрде өзгелердіӊ көзқарасы арқылы қабылдайды. Серік Рысжановтыӊ аудармасында экстремизм мен радикализмге жол берілмеген, ал бұл біздіӊ ел үшін аса өзекті", - дейді Болатжан мырза.

Осы жобаныӊ демеушісі ретінде Никита Резанов былай деп атап өтті: "Мен Исламда бір-біріне қарама-қайшы ағымдардыӊ көп екендігіне тап болдым. Мен Кореяда мұсылмандармен бірге оқыдым және олардыӊ көбісініӊ рухани құлдырауына куә болдым. Барлық діни бағыттардан көӊілім қалды, өйткені олардыӊ барлығы өздерініӊ ерекше екендігін басып атайды. Баламалы аудармаға жолыққан кезде, мұндай еӊбектіӊ Қазақстан халқына қажет екендігін түсініп, басқа демеушілермен бірге басылымды таратуға көмектесуді шештім".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны