14.06.2018, 15:25 8309

Алматыда күзде "Цифрлы күз" фестивалін өткізу жоспарланған

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Франция Ұлттық ассамблеясыныӊ депутаты, "Франция-Қазақстан" парламентаралық достық тобыныӊ төрағасы Пьер Кабаремен кездесті.

Алматы. 14 маусым. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Франция Ұлттық ассамблеясыныӊ депутаты, "Франция-Қазақстан" парламентаралық достық тобыныӊ төрағасы Пьер Кабаремен кездесті.Тараптар мәдени- гуманитарлық байланыстарды, соныӊ ішінде білім беру және туристік кластерді дамыту тәжірибесін алмасу бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Қазақстанныӊ тәуелсіздік жылдары екі ел арасында барлық бағыттар спектерлері бойынша серіктестік қатынастары орнықты. Бүгінгі күні Алматыда француз капиталымен сауда, тамақ өнеркәсібі, көлік пен телекоммуникация салалары бойынша 60-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы биылғы жылдыӊ бірінші тоқсанында 13%-ға өсіп, оӊ динамика қалыптасты. Бұлардан өзге, мегаполисте Франция мәдениеті мен өнеріне қатысты түрлі шаралар қала тұрғындары арасында жиі өтіп тұрады.

Кездесу барысында Пьер Кабаре екі мемлекет пен екі ел арасындағы ынтымақтастықтыӊ еӊ алдымен сенім мен достыққа негізделгенін атап өтті.

"Бұл меніӊ Алматыға алғаш келуім, байқағаным қала заманауи трендтер мен жаӊа технологиялар акценті бойынша даму үстінде екен.Таулардыӊ тым жақын орналасуы - Алматыныӊ туристік тартымдылығыныӊ таптырмас артықшылығы. Осы бағытты дамытуда француз компанияларыныӊ тәжірибесі мол, ал бұл екі жақты байланысты одан әрі нығайтудыӊ тағы бір саласы", - деді Ұлттық ассамблея депутаты.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде Алматыда "Альянс Франсэз" өкілдігі бар. Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетте Орта Азиядағы алғашқы "Сорбонна-Қазақстан" институты жұмыс істеуде.

2016 жылы Франция астанасы Парижде ЮНЕСКО аясында Алматыныӊ 1000 жылдығы мерекеленді. Алматы мен Ренн қалалары бауырластығыныӊ 25 жылдығы құрметіне француз қаласында Абайдыӊ бюсті ашылды.

Алматыда күзде "Цифрлы күз" фестивалін өткізу жоспарланған, мұнда қала тұрғындары мен қонақтары цифрлы технологиялар арқылы француз мәдениетімен және өнерімен танысатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны