04.07.2016, 21:14 4569

Алматыда лаӊкестік топтыӊ мүшесі сотталды

Алматыда лаӊкестік топтыӊ мүшесі - К. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Алматы қаласы прокурорыныӊ орынбасары Берік Жүйріктаевтыӊ айтуынша, исламдағы радикалды ағымды жақтаушы К. есімді азамат 2013 жылы қыркүйек айында әскери қақтығыстарға қатысу үшін Сирия Араб Республикасына барады

Алматы. 4 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда лаӊкестік топтыӊ мүшесі - К. есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. Алматы қаласы прокурорыныӊ орынбасары Берік Жүйріктаевтыӊ айтуынша, исламдағы радикалды ағымды жақтаушы К. есімді азамат 2013 жылы қыркүйек айында әскери қақтығыстарға қатысу үшін Сирия Араб Республикасына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ол 2013 жылы қыркүйек-қазан айларында "Абу Жихад" лақап атын жамылып, "Абу Дауд" содырларына (Сириядағы қазақ жамағаты) барып қосылады. Сөйтіп, ДАИШ (Ислам мемлекеті) халықаралық лаӊкестік ұйымы құрамында үкімет әскерлеріне қарсы әскери қақтығыстарға қатысқан. Ал, 2013 жылдыӊ қазан айыныӊ соӊында К. Қазақстанға оралады. Ондағы мақсаты - Д. есімді азаматты және басқа да жеке тұлғаларды Сирия жеріндегі қарулы қақтығыстарға қатысуға шақыру және мүліктерін сатуға үгіттеу", - деді Б. Жүйріктаев, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Одан басқа, К. атыс қаруын, дәлірек соғыс патронымен атуға бола беретіндей етіп қайта жасалған "6П37" және "ИЖ-78" моделді жарақаттаушы тапаншаларын заӊсыз сатып алған, сақтаған және өзімен бірге алып жүрген. Оларды қашан және қай жерден алғаны белгісіз. Сондай-ақ, одан калибрі 4,45 миллиметрік 4 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Алматы қаласыныӊ Алмалы аудандық соты ҚР ҚК 259-бабыныӊ 1-ші тармағы, 287-ші бабыныӊ 3-ші тармағы, 233-2-бабыныӊ 2-ші тармағы (1997 жылғы редакциясы) және ҚР Қылмыстық Кодексініӊ 58-бабы негізінде К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды. Қылмыстар жиынтығы негізінде К. мүлкі тәркіленіп, 6,6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Ол жазасын жалпы режімдегі түзету колониясында өтейтін болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны