23.07.2018, 23:35 4039

Алматыда "Латын әліпбиі - әлем қазақтарыныӊ рухани тұтастығыныӊ негізі" атты дөӊгелек үстелі өтеді

Ана тіліміздіӊ жаһандық ғылым мен білімге кірігуін әрі әлем қазақтарыныӊ рухани тұтастығын қамтамасыз етудіӊ бірегей негізі болған латын әліпбиі жобасын жүзеге асыруда кездесетін негізгі мәселелер мен оны тиімді шешудіӊ жолдары талқыланады, қазақ жазуына және оныӊ емле ережесіне ғылыми-практикалық тұрғыда іргелі реформа жасауды көздейді.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 24 шілдеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты мен Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамыныӊ ұйымдастыруымен "Латын әліпбиі - әлем қазақтарыныӊ рухани тұтастығыныӊ негізі" атты дөӊгелек үстелі өтеді.

Ана тіліміздіӊ жаһандық ғылым мен білімге кірігуін әрі әлем қазақтарыныӊ рухани тұтастығын қамтамасыз етудіӊ бірегей негізі болған латын әліпбиі жобасын жүзеге асыруда кездесетін негізгі мәселелер мен оны тиімді шешудіӊ жолдары талқыланады, қазақ жазуына және оныӊ емле ережесіне ғылыми-практикалық тұрғыда іргелі реформа жасауды көздейді. Дөӊгелек үстелге елімізге танымал тілші-ғалымдар,қоғам қайраткерлері, қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарыныӊ қызметкерлері, жас ғалымдар қатысады.

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ президенті, химия ғылымыныӊ докторы, профессор, академик Жұрынов Мұрат Жұрынұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ академигі, Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамыныӊ президенті Айтбаев Өмірзақ Айтбайұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыныӊ директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Қажыбек Ерден Задаұлы, ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ академигі, М.Иуезов атындағы Идебиет және өнер институтыныӊ директоры Уәлихан Қалижан баяндама жасайды.

Сондай-ақ, дөӊгелек үстел аясында Асқаров Илібек Асылбайұлы - ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасыныӊ директоры, жазушы, Дербісәлі Ибсаттар Бағысбайұлы - Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтыныӊ директоры, ҚР ҰҒА академигі, Қабылдинов Зиябек Ермұқанұлы - Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыныӊ директоры, профессор, Дос Көшім - қоғам қайраткері, "Ұлт тағдыры" қозғалысыныӊ төрағасы, Сарым Айдос Иміроллаұлы - саясаттанушы, ҚР Ұлттық кітапхана директорыныӊ кеӊесшісі, Жұмалы Расул Берекеұлы -саясаттанушы, Ғалым Жайлыбай - ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасыныӊ бірінші орынбасары тақырып аясында пікір алмасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны