14.11.2018, 21:59 8274

Алматыда латын графикасында жалпыхалықтық диктант жазылды

"Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезеӊ-кезеӊімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына" сәйкес республика бойынша өткен жалпыхалықтық диктантқа Алматы қаласыныӊ жұртшылығы да белсене атсалысты.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан бойынша бүкіл оқу орындарында латын графикасында "жалпыхалықтық диктант" жазу іс-шарасы болып өтті.

"Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезеӊ-кезеӊімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына" сәйкес республика бойынша өткен жалпыхалықтық диктантқа Алматы қаласыныӊ жұртшылығы да белсене атсалысты.

Қазақ-Британ техникалық университетінде өткен диктант жазуға Алматыныӊ 8 ауданынан әкімшілік қызметкерлер, жоғарғы оқу орындарыныӊ, колледждердіӊ оқытушылары мен студенттері, мектеп мұғалімдері, жоғары сынып оқушылары және медицина саласыныӊ қызметкерлері, т.б. қатысты. Латын негізді қазақ тілі әліпбиініӊ, "Қазақ тілі емлесініӊ негізгі ережелері" жобасын іс-тәжірибеде жан-жақты қамтумен қатар жаӊа ережеге бейімделуді мақсат ететін диктант жазу шарасы тілді жылдам меӊгеруге үндейді. Диктант жазушыларға Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамыныӊ президенті, академик Өмірзақ Айтбаев сәт-сапар тілеп, еліміздіӊ тіл саясатыныӊ маӊыздылығына тоқталып, барша қауымды тілімізді дамытуға шақырды.

Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасыныӊ бөлім басшысы Бақыт Қалымбеттіӊ айтуынша, Алматы қаласы бойынша жалпыхалықтық диктантқа 120 мыӊ адам қатысады деп жоспарланған. Диктант нәтижесінде кімніӊ қаншалықты сауатты жазғандығын анықтау басты шарт емес. Сауаттылықты тексеру арнайы белгіленген өлшем-шарттар негізінде анықталады. Яғни, әрбір қатысушы осы кестеге орай өзі жазған мәтінді өзі тексереді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тілі білімі институты ғалымдарымен әзірленген "Жаӊа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесініӊ ережелері" жобасыныӊ әлі де талқылынатындығын жеткізген Бақыт Қалымбет бүгінгі шараныӊ мақсаты осы жобаныӊ қаншалықты жүзеге асып жатқандығына зер салу. Егер қазіргі қолданыстағы әліпбиімізге қатысты сын-ескертпелер болып жатса, оныӊ барлығы да ғалымдар талқысына түседі. Емле ережесімен http://tilalemi.kz сайтынан танысуға болады. Диктант жазушылар үшін аудио мәтінде берілген "Жаӊа әліпби - жаӊарудыӊ қайнары. Иліпби арқылы ұлттық сана күшейеді. Илемде болып жатқан жаӊалықтар осы жазу арқылы қабылданады. Сондай-ақ, бұл әліпби қазақ тілініӊ төл табиғатын сақтауға мүмкіндік береді" деп басталатын "Рухани жаӊғыру" тақырыбында 77 сөз қамтылған. Диктант жазу тәртібіне сәйкес мәтін үш мәрте қайталанып оқылып, әрбір дыбысталуға ерекше мән берілді. Қатысушылар үшін мәтінді мұқият тыӊдап, жазып әрі тексеруге арнайы уақыт бөлінді.

Бекітілген диктант мәтіні (80-90 сөз) аудиожазбалар арқылы "Шалқар", "Қазақ" радиолары арқылы таратылды. Ұзақтығы 30 минутқа созылды. Диктант жазу арнайы белгіленген орындарда жүргізілді. Арнайы белгіленген орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар үшін диктантты негізгі ұйымдастырушылар берген emle.kz, tilalemi.kz сайттарыныӊ басты бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыӊдай отырып жазуға мүмкіндік жасалды. Мұндай тұлғалар диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы [email protected] электрондық поштасына жолдады. Сондай-ақ, диктант аяқталған соӊ аталған сайтта диктанттыӊ дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшем шарттары шықты. Ирбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалады, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны