23.05.2007, 16:46 2872

Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған күш құрылымдарының баспасөз мәслихаты болмай қалды

АЛМАТЫ. 23 - мамыр. Kazakhstan Today. Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған күш құрылымдарының баспасөз мәслихаты болмай қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Агенттік тілшісіне республикалық басылымдардың бірінен хабарлағандай, кеше кешке оларға Мәдениет және ақпарат министрлігінен қоңырау шалып, бүгін таңғы сағат 11-де Алматыда Қазақстандық баспасөз клубында қазақстандық күш құрылымдарының өкілдерінің қатысумен баспасөз мәслихаты өтетіндігін хабарлаған.

11 сағатта Қазақстандық баспасөз клубында республикалық басылымдар мен телеарналардың журналистері жиналған. Бірақ баспасөз клубының қызметкерлері баспасөз мәслихатының қандай тақырыпта өтетіндігін және спикердің кім екендігін түсіндіре алмады. "Біз ештеңе білмейміз, бізге тек таңертең қоңырау шылып, залды ашуды, баспасөз мәслихатының өтетіндігін және барлық бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылғандығын, бәрі ұйымдастырылғандығын айтты",- деп түсіндірді журналистерге Қазақстандық баспасөз клубындағылар. Олар баспасөз мәслихатының "Нұрбанк" АҚ жасалған шабуыл туралы істі тергеуге байланысты болуы мүмкін екендігін қосты, бірақ оны кімнің жүргізетіндігі журналистер үшін де, баспасөз клубының қызметкерлері үшін де белгісіз болып қала берді.

Журналистер баспасөз орталығында 11.45-ке дейін отырған, одан кейін Қазақстандық баспасөз клубының қызметкерлері баспасөз мәслихатының 15.30-ға ауыстырылғандығын хабарлаған. Бірақ баспасөз мәслихатының тақырыбы мен спикерлерін білу мүмкін болмады. "Нұрбанк" қызметкерлерінің туған-туыстары қатысуы да мүмкін",- деп қосты олар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны