02.08.2018, 17:49 4156

Алматыда мәдени-тарихи мұралар тізіміне жаӊа ғимараттар енгізіледі

Бұл тізімге Алматы Технология және Бизнес университетініӊ, Жолдасбеков атындағы студенттер сарайыныӊ, КИМЭП Университетініӊ, "Алматы Арена" мұз сарайыныӊ және басқа да ғимараттары енгізілуден үміткер атанып отыр.

Алматы. 2 тамыз. KazakhstanToday- Алматы әкімдігіндегілер қаладағы мәдени-тарихи мұралар тізіміне қандай жаӊа ғимараттар енгізілетінін жария етті, деп хабарлайды KazakhstanToday.

Бұл тізімге Алматы Технология және Бизнес университетініӊ, Жолдасбеков атындағы студенттер сарайыныӊ, КИМЭП Университетініӊ, "Алматы Арена" мұз сарайыныӊ және басқа да ғимараттары енгізілуден үміткер атанып отыр.

Икімдіктіӊ баспасөз қызметі әрбір ғимараттыӊ сипаттамасын келтіреді.

1. Алматы Технология және Бизнес университеті. 1938-39 жылдары салынған. Мекен-жайы: Шевченко көшесі, 118, Байтұрсынов көшесініӊ қиылысы, 95. 3 қабатты ғимарат. Классикалық стильде салынған.

2. КИМЭП Университетініӊ ғимараты(бұрынғы партия мектебініӊ ғимараты). 1954 жылы салынған. Мекен-жайы: Абай даӊғылы, 2.

Ким Досен жәнен Мельников сәулетшілерініӊ жобасы бойынша "Г" үлгісіндегі 4-5 қабатты, қабырғасы кірпіштен қаланған, дәлізді ғимарат түрінде салынған. Бұл Алматыдағы сақталып қалған санаулы ғана классицистикалық бағыттағы, ұлттық декор элементтерін пайдаланып салынған ғимараттардыӊ бірі.

3. Аппаратты-студиялық кешен. 1983 жылы салынған. Мекен-жайы: Желтоқсан даӊғылы, 185

Ғимараттыӊ констуктивтік нобайы әйнекпен өрнектелген металл каркастан тұрады. Технологиялық үдерістерге (аппарат бөлмесі, бағдарламаларды басқару орны, дыбыс- және бейне- режиссерлер бөлмесі, әкімшілік және басқа да жайлардан құралған) байланысты ғимараттыӊ жоспарлануы күрделі. Ғимаратқа жапсарластыра екі қабатты көмекші корпус пен бірқатар инженерлік құрылғылар салынған. Ғимараттыӊ Шығыс сәулет өнері дәстүрлерінде орындалған кеӊ сталактитті карниз белдеуі бар. Бұл мотив есікті рәсімдеу барысында да пайдаланылған. Нысан заманауи техникалық-конструктивтік сипаттамаларды пайдалана отырып классицистикалық және өӊірлік әдіс-амалдардыӊ синтезі пайдаланылған бірегей ғимарат болып табылады. Алаӊды түзуші маӊызды нысандарыныӊ біріне жатады.

4. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы. 1998 жылы салынған. Мекен-жайы: Ил-Фараби даӊғылы, 71/24

Студенттер сарайыныӊ бейнесінде модернизм принциптері мен ұлттық сәулет өнерініӊ ерекшеліктері үйлесім тапқан.

5. Қазқастан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентініӊ саябағына кіреберіс топ пен монументалдық ансамбль. 2011 жылы салынған. Мекен-жайы: Дулати көшесі.

Саябақтыӊ іргетасы 2001 жылы қаланды. Ал келушілерге өз есігін 2011 жылдыӊ шілде айында ашты. Кіреберіс бөлігі алтын жалатылған капителийлері бар иілген сымбатты колоннада түрінде орындалған. Колоннаданыӊ жарты шеӊберлері орта тұста портикпен айшықталған. 2011 жылдыӊ 11 қарашасында саябақта ел тәуелсіздігініӊ 20 жылдығына орай "Қазақстан" атты декоративтік панно орнатылды. Орталығында Қазқастанныӊ Тұӊғыш Президентініӊ ескерткіші орнатылған. Орталық аллеялардыӊ бірінен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2001 жылы отырғызған әсем еменді көруге болады. Саябақтағы ескерткіш көрікті тұстарына әндеткіш субұрқақ, "Жеті қазына" бағы, жапон және топиарлық бақтарды, сондай-ақ, Назарабаев отырғызған еменді жатқызуға болады.

6. "Алматы Арена" мұз сарайы. 2016 жылы салынған. Мекен-жайы: "Алғабас" ықшамауданы, 1

Кешен 12000 көрерменге арналған мұз аренасы, денешынықтыру-сауықтыру кешені бар жаттығу мұз айдыны және жүзу бассейні секілді үш блоктан тұрады. Мұз аренасыныӊ компоновкасы оны мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, бокс, бескетбол, волейбол ойнайтын алаӊ, сондай-ақ, 5000 орынды концерт залы ретінде пайдалануға арналған әмбебап алаӊ түрінде қолдануға мүмкіндік береді. Ғимараттыӊ сәулеттік бейнесі кереге, көк мұз мұздағы оюлар секілді элементтерді синхронды үйлестіреді. Көркем бейнелер біртұтас мәдени-эстетикалық жинаққа тоғысып, Мұз сарайыныӊ әсем сәулет өнерін түзеді. Мұз сарайы ТМД аумағындағы ауқымы жағынан екінші орындағы, ал Орталық Азиядағы еӊ үлкен жабынды мұз сарайы және 2017 жылғы Универсиаданыӊ еӊ басты спорттық нысаны болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны