14.11.2018, 21:47 6401

Алматыда Мағжан Жұмабаевтыӊ туғанына 125 жыл толуына орай еске алу кеші өтті

"Біздер әлі күнге Мағжанныӊ Мағжан екенін көрсете алмай келеміз. Мағжанныӊ әдеби мұрасына қатысты салыстырмалы зерттеулер қажет. Бүгінде Мағжанныӊ туғанына 125 жыл толуы түркі елдерінде аталып өтуде. Кітаптары түрік тілін аударылды. Изірге Мағжанныӊ есімі тек түркі әлемінде ғана аталып келеді. Басқа кеӊістікте Мағжан әлемі толыққанды ашылған жоқ. Сондықтан Мағжан мұрасы әлі де зерттелуі қажет", деді Саттар Фазылұлы.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында халқыныӊ азаттығы жолында бар ғұмырын сарп еткен ұлт арысы Мағжан Жұмабаевтыӊ туғанына 125 жыл толуына орай Алматыдағы Достық үйінде "Ақынныӊ рухани мұрасы" тақырыбында еске алу кеші өтті.

Шараны Алматы қаласы Достық үйініӊ жұмысын қамтамасыз ету қызметі жетекшісініӊ орынбасары Нұрлан Мәуленов жүргізді. Босқосу аясында ғалымдар Мағжанныӊ өмірі мен шығармашылығына қатысты жүргізілген зерттеулер барысына тоқталды. Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтыныӊ жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарыныӊ кандидаты Иуезхан Шашаев Мағжан ақынныӊ қайраткерлік ұстанымдары, саяси көзқарастарына қатысты әлі де беймәлім деректердіӊ бар екендігін жеткізді. Бүгінде Мағжантану ілімі қалыптасқандығына тоқталып, бұл игі істе әдебиетшілердіӊ, журналистер қауымыныӊ үлесі зор екендігін атап өткен Халықаралық ақпараттандыру академиясыныӊ және Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясыныӊ академигі, "Интеллект Орда" халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді ықпалдастыру институтыныӊ бас директоры, профессор Саттар Мәжитов Мағжан мұрасы әлі де зерттеле береді, деді. Ғалымныӊ айтуынша, Мағжан 1938 жылы 9 наурызда қайтыс болып, сонау Магадан жерінде атылып кетті деген деректер бар. Бірақ іздестіру барысында Мағжан туралы нақты мәліметтер табылмады. Ақын Қызылжарда, әлде Мәскеуде атылды ма, оны анықтау уақыттыӊ еншісінде. "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ұлт азаттығы жолында күрескен Мағжандай өзге де алаш арыстарыныӊ өмірініӊ көптеген қырлары тереӊ зерттеулерді қажет етеді. Еӊ маӊыздысы осы арыстарымыздыӊ, оныӊ ішінде Мағжанныӊ жақындарын танып-білу. Сол бір зұлмат жылдардыӊ зардабы жанына жара салған талай боздақтардыӊ туыстары әлі күнге өзініӊ туыстығына қатысты мәлімттерді ашуға қорқады. Олардыӊ санасынан сол бір күндердіӊ үрейі кетпеген. Мағжанныӊ мұрасына зер салғанда қайраткердіӊ тарихи, саяси, халықаралық тұрғыдағы көзқарасы толық ашылмағандығына көз жеткізе түсеміз. Ғалымдар Мағжанныӊ Мәскеудегі өмірін толықтай талдап, әлі де тереӊіне үӊілуі қажет.

"Біздер әлі күнге Мағжанныӊ Мағжан екенін көрсете алмай келеміз. Мағжанныӊ әдеби мұрасына қатысты салыстырмалы зерттеулер қажет. Бүгінде Мағжанныӊ туғанына 125 жыл толуы түркі елдерінде аталып өтуде. Кітаптары түрік тілін аударылды. Изірге Мағжанныӊ есімі тек түркі әлемінде ғана аталып келеді. Басқа кеӊістікте Мағжан әлемі толыққанды ашылған жоқ. Сондықтан Мағжан мұрасы әлі де зерттелуі қажет", деді Саттар Фазылұлы.

Мағжан мұрасын зерттеп, насихаттауда ғылыми кеӊесшісі Саттар Мәжитов, режиссері Инна Рудакова түсірген "Махаббат нұры" және осы басқосу аясында таныстырылымы өткен "Мағжанныӊ құпиясы" деректі фильмдерінде қайраткер өмірініӊ сан-қилы кезеӊдері суреттелген.

Фильмді түсірудегі мақсат қоғамға ой салу, Мағжан өмірін суреттеу арқылы ұлт тарихын көрсету, дейді фильм авторлары.

Ақынды еске алу шарасына қоғам қайраткері Асылы Осман, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ төрағасыныӊ орынбасары Светлана Ананьева, "Ахыска" түрік мәдени орталығы төрағасыныӊ орынбасары Шаисмаил Асиев, Ахмет Байтұрсынов мұражай-үйініӊ жетекшісі Райхан Иманханбет, "Жарасым" республикалық жастар ұйымыныӊ мүшесі Ирина Гордиенко, т.б. қатысты.

Тарих және этнология институты тарапынан Достық үйініӊ кітапханасына тарихи мазмұнды бірқатар кітаптар сыйға тартылды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясыныӊ және ІТ университетініӊ студенттері мен этномәдени орталықтарыныӊ жастары Мағжан жырларын оқып, шағын қойылым көрсетті, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны