26.09.2018, 15:33 3947

Алматыда мамандандырылған "Жанұя" кешенінде Халықаралық тілдер күні атап өтілді

Мерекелік шарада ұлттық тағамдар және киімдер көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Қазіргі таӊда орталықта 500-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Олардыӊ арасында әзербайжан, татар және кәріс ұлттары бар.

Алматы. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда мамандандырылған "Жанұя" кешенініӊ тәрбиеленушілері елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерініӊ мәдениетімен етене танысуға мүмкіндік алды. Кешенде Халықаралық тілдер күні атап өтілді.

Мерекелік шарада ұлттық тағамдар және киімдер көрсетіліп, концерт ұйымдастырылды. Қазіргі таӊда орталықта 500-ден астам бала тәрбиеленіп жатыр. Олардыӊ арасында әзербайжан, татар және кәріс ұлттары бар.

"Біз балаларымызды қашанда өз тілін сүюге, өз еліне деген патриоттық сезімін арттыруға, үлкендерді сыйлауға тәрбиелеп-оқытамыз. Сондықтан бүгінгі шарамыз осы мерекеге байланысты болып тұр. Негізінде, біздіӊ ұжымымыз өте үлкен. Бұл ұжымда бүгінгі таӊда 164 педагог жұмыс істеп жатыр. Олардыӊ ішінде әр ұлттыӊ өкілдері де бар", - деді Алматы қаласы "Жанұя" мамандандырылған кешенініӊ директоры Ләззат Құлсарина.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны