04.05.2015, 15:18 4320

Алматыда мас күйінде көлік айдаған әйел 4 айлық сәбиді қағып кетті

Алматыда ішімдікке сылқия тойып алған куәлігі жоқ әйел 4 айлық сәбиді қағып кетті. Белгілі болғандай әйел құрбысымен өз үйінде ащы судан ұрттап алған

Алматы. 04 Мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда ішімдікке сылқия тойып алған куәлігі жоқ әйел 4 айлық сәбиді қағып кетті. Белгілі болғандай әйел құрбысымен өз үйінде ащы судан ұрттап алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кейін құрбысынан автокөлік жүргізуді өтінген. Мас күйінде екі әйел Toyota RAW4-ке мініп, қала көшелерінде көлік айдаған, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Лапин көшесініӊ бойымен келе жатқан жүргізуші әйел тұрақта тұрған Mercedes-Benz маркалы көлікке келіп соқтығысқан. Ийел бұнымен тоқтамай, 2000 жылы туылған қыз бала мен 4 айлық сәби жатқан арбаны қағып кетті.

Сорақысы сол, бұл аз болғандай араққа тойып алған әйел тежегішін баспай, Volkswagen мен Toyota Carina көліктеріне де соқтығысып үлгерген.

Салдарынан 4 айлық сәби оқиға орнында жан тапсырып, 15 жастағы жеткіншек түрлі жарақаттарымен жақын маӊдағы ауруханаға жеткізілді.

Бұған қоса Volkswagen көлігініӊ иесі де жарақат алған. Қайғылы жағдайдыӊ себепкерлері уақытша қамау изоляторына қамалып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кету керек, көлік тізгінгіндегі әйелдіӊ жүргізушілік куәлігі жоқ және көлік жүргізуді білмейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны