22.05.2018, 23:22 6676

Алматыда маусым айында Star of Asia халықаралық музыка фестивалі өтеді

Фестиваль "Медеу" биік таулы мұз айдыныныӊ аумағында маусымныӊ 16 мен 17-сі күндері өтеді

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 16-17 маусымында "Медеу" мұз айдынында Star of Asia Almaty.kz халықаралық жыл сайынғы музыка фестивалі өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ұйымдастырушылардыӊ ойға алғанды іске асыруыныӊ арқасында фестиваль уақытша сәулет өнері құралдары, дизайн және жаӊаша медиа көмегімен "Медеу" мұз айдыныныӊ кеӊістігімен интеграцияланады. Бұған қоса мәнерлілікке, ауқым мен кәсіпқойлыққа да база назар аударылады.

Ұйымдастырушылардыӊ хабарлауынша, биыл сахна төріне музыка өнерініӊ тарландары да, жаӊа таныла бастаған таланттар да шығады. Қазақстан эстрадасыныӊ жұлдыздарымен қоса, көрермендер Оӊтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Изербайжан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген орындаушылардыӊ өнеріне де тәнті болмақ.

Іс-шараныӊ әлеуметтік желілердегі ресми парақтарыныӊ хабарлауынша, концертте танымал өзбек әншісі Севара Назархан да өнер көрсетпекші.

Музыкалық іс-шараныӊ ұйымдастырушылары шетелдік және қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен бірегей шоу-бағдарлама әзірлеген. Биылғы жылғы орындаушылар легінде Мәдина Сәдуақасова, Кәмшат Жолдыбаева, Mad Men тобы, Нұрболат Абдуллин, "Кешью" тобы, Ерке Есмахан, МузАРТ-LIFE тобы, "Ұлытау" ВИА, Динара Сұлтан, M'DEE, "Алашұлы" тобы тағы да басқалары бар. Ал іс-шараныӊ хедлайнерлері Оӊтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Изербайжан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген орындаушылар болмақ.

Бұған қоса Star of Asia Almaty.kz фестивалінде автокөлік ойнатылады.

"Star of Asia Almaty.kz халықаралық жыл сайынғы музыка фестиваліне билет сатып ау арқылы, сіз жаӊа автокөлік иесі атана аласыз! Фестиваль "Медеу" биік таулы мұз айдыныныӊ аумағында маусымныӊ 16 мен 17-сі күндері өтеді. Ұтысқа kassir.kz және zakazbiletov.kz. сайттары арқылы фестивальге билет сатып алған көрерменніӊ барлығы қатыса алады. Бас жүлденіӊ иесі 17-ші маусымда жария етіледі", - деп хабарлайды ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ, фестиваль шеӊберінде "Star of Asia Almaty.kz қызыл кілемінде түсірілген еӊ үздік фото" атты фотобайқау өткізіледі.

"Егер сіз фоткамера және объектив шебері болсаӊыз, үздік сәт пен тамаша кадрды қалт жібермей түсіріп алу - сіздіӊ сүйікті ісіӊіз болса, онда өзіӊіздіӊ шығармашылық мүмкіндіктеріӊізді ашып көрсетуге Star of Asia Almaty.kz халықаралық жыл сайынғы музыка фестивалінде бірегей мүмкіндік аласыз! Бұл фотография әуесқойлары үшін танылудыӊ және Star of Asia Almaty.kz фестивалініӊ бағалы сыйлығын алудыӊ таптырмас мүмкіндігі", - деп хабарлайды іс-шара ұйымдастырушылары.

Байқауға қатысу үшін тегіӊізді, аты-жөніӊізді және туған күніӊізді көрсете отырып, [email protected] электрондық мекен-жайына портфолиомен (еӊ үздік 3-5 фото) қоса өтінім жіберуіӊіз қажет.

Star of Asia Almaty.kz фестивалініӊ әрбір фотографы Фестивальдіӊ ресми фотографы, Фестивальде жұмыс істеуге аккредитация, фан-аймақтан екі билет, фотографиясы жарияланған жағдайда ұйымдастырушыныӊ сайтында, әлеуметтік желілерде фотографтыӊ аты-жөнін көрсету секілді артықшылықтарға ие болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны