08.01.2018, 14:20 4048

Алматыда Медеуге дейін жаӊа автобустар жүре бастады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша "Қазақстан" қонақ үйінен "Медеу" биік мұз айдынына дейін баратын жаӊа автобустарды көрді.

Алматы. 8 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда көлік реформасын және қоғамдық көлік жүйесін тұрақтандыру аясында жылжымалы составты жаӊалау және бағыттар желісін ұлғайту жұмыстары жүруде. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында №12 бағыты бойынша "Қазақстан" қонақ үйінен "Медеу" биік мұз айдынына дейін баратын жаӊа автобустарды көрді.

Алматыда биылғы көлік реформасы аясында сыйымдылығы әртүрлі 388 автобус алынды, олардыӊ 195-і бағыттар бойынша қызмет көрсетуде, тағы 200 жаӊа автобус қалаға келді және олар кезеӊдер бойынша жолға шығады. Өз кезегінде жеке тасымалдаушылар да 254 жаӊа автобус алды,олардыӊ 91-і қала жолдарында.

Жалпы қаланыӊ автобус паркініӊ 30%-ға жаӊаруы және бағыт желісініӊ ұлғаюы жолаушылар легін 20,6% арттырды. Егер 2016 жылы 174,6 млн. адам тасымалданса, 2017 жылы 220,1 млн. адам болды. Тасымалдаушы жоспарлы шығуды қамтамасые ете алмаса, интервал мен жылжымалы составты жаӊарту "Алматыэлектротрансқа" беріледі. Мысалы, №70 бағытта автобустар жаӊарды, интервал қысқарды, соныӊ арқасында жолаушылар легі 12 есе өсті, яғни тәулігіне 395 адамнан 4,6 мыӊ адамға дейін жетті. Жақында 18 метрлі автобус- гармошкалар №201 бағыты бойынша жүре бастады, ол күніне 11,6 мыӊ адамды тасымалдауда, болжамдағы жолаушылар легі - 25 мыӊ адам.

№12 бағыты бойынша жолға шыққан 12-метрлі төмен еденді автобустар Евро-5 экологиялық сыныпқа сай, сыйымдылығы 100 адамнан жоғары, кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен,пандустармен және басқалармен толық жабдықталған. Аталған бағытты "Алматыэлектротранс" ЖШС ұйымдастырған, жай күндері автобустар арасындағы интервал алты минутқа қысқарған, ал демалыс күндері екі минутқа азайған. Босаған автобустарды "Green Bus company" ЖШС №120 бағытты күшейту үшін пайдаланады, кейін бұл бағыт айналмалы болады.

Еске салсақ, бұрындары Алматыда көлікті реформалау аясында №22, 70, 86, 65, 103, 50, 126, 112 бағыттары бойынша жаӊа автобустар жолға шығып, №77 бағыт қайта ашылып, көліктер №201 магистральды бағыты бойынша жүре бастаған еді. Көрші облыстан қалаға қосылған елді мекендерге толық көлік қызметін көрсету масқатында сегіз бағыт ашылған болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны