12.05.2016, 22:21 4752

Алматыда Медеу-Шымбұлақ жолында лай көшкіні орын алды

11 мамыр күні Медеу ауданы аумағындағы Мохнатка тауыныӊ шығыс бөктерінде жауын-шашын салдарынан жер қыртысыныӊ аса ылғалданып кетуіне байланысты лай-тас көшкіні орын алды.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Алматы іргесіндегі Мохнатка тауыныӊ шығыс бөктерінде лай-тас көшкіні орын алды, деп хабарлады бүгін Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"11 мамыр күні Медеу ауданы аумағындағы Мохнатка тауыныӊ шығыс бөктерінде жауын-шашын салдарынан жер қыртысыныӊ аса ылғалданып кетуіне байланысты лай-тас көшкіні орын алды. Көлемі шамамен 700 текше метр. Сондай-ақ, Медеу-Шымбұлақ тас жолы бойында көлемі 200 текше метр болатын лай-тас көшкіні болды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге байланысты бұл жол уақытша жабылды. Қазір оқиға орнында жолды тазарту жұмыстарына "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесініӊ жеке құрамынан 10 адам, Медеу аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінен 2 адам және 4 техника жұмылдырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны