02.08.2018, 18:07 4444

Алматыда мегаполистіӊ қалалық инфрақұрылымын жаӊарту жалғасуда

Былтырғы жылдан жалғасып келе жатқан қаланыӊ тарихи орталығын қайта жасау аясында жаӊарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев және "Астана" алаӊымен қоса Алматыныӊ бірқатар даӊғылдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Алматы. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы әкімі Бауыржан Байбек күнделікті жұмыс сапары кезінде мегаполистіӊ көлік және жаяу жүргінші инфрақұрылымын жаӊғыртудыӊ барысын тексерді.

Былтырғы жылдан жалғасып келе жатқан қаланыӊ тарихи орталығын қайта жасау аясында жаӊарған Панфилов, Жібек Жолы, Гоголь, Қабанбай батыр, Байсейітова, Төлебаев және "Астана" алаӊымен қоса Алматыныӊ бірқатар даӊғылдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүруде.

Биылғы жылы Абай, Абылай хан, Назарбаев, Достық, Желтоқсан даӊғылдары, Абай алаӊы мен "Алматы-2" теміржол вокзалыныӊ алды қайта жасалуда. Қазіргі кезде мұнда жүргінші аймақтарын кеӊейту, реконструкциялау және жаӊа фонтандар салу, кіші пішінді сәулет формалары мен көшеніӊ заманауи жиһаздарын орнату, көлеӊкелі кеӊістіктерге жапырақты ағаштар отырғызу, бұрынғы жасыл желекті сақтап қалу жұмыстары жүруде.

Бұлардан өзге, аталған учаскелерде инженерлік желілер толық ауыстырулда, кеспе тастар төселіп, арықтар, суару жүйелері жаӊалануда, нысандардыӊ сыртқы келбеттері өзгеруде. "Қауіпсіз қала" аясында бұрынғы ескі жарықтардыӊ орнына заманауи иодты шырақтар орнатылуда.Реконструкцияланған көшелерге заманауи бағдаршам кешендері қойылады және көше бұрылыстарындағы барлық ескі металл конструкциялар жойылады. Мердігерлік ұйымдар жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын қолданылмайтын конструкцияларды, көптеген діӊгектерді, қоршаулар мен заӊсыз салынған құрылыстарды алып тастауда.

Республика Сарайы алдындағы Абай алаӊында фонтандар мен электр жарықтарын монтаждау басталады. Бұдан өзге, оған жақын орналасқан "Арман" кинотеатрыныӊ фасады жаӊарып, "Қазақстан" қонақ үйіне түнгі жарық орнатылады. Ал "Алматы-2" теміржол вокзалыныӊ маӊында қауіпсіздікті ұйымдастыру мақсатында көлік логистикасы түгел қайта қаралып, жасыл желек ұлғаяды.

Жалпы, қала көшелерін жөндеу барысында аулаға баратындай етіп жаӊа тротуарлар салынады, ал бұл жаяу жүргіншініӊ қауіпсіздігін күшейтеді.

Дәл осы күні Бауыржан Байбек Алматыныӊ тығыз орналасқан аудандарын қамтитын Тимирязев көшесі бойындағы жүрдек автобус дәлізі құрылысыныӊ барысын тексерді.

Көшелерді реконструкциялаумен қатар мұнда тротуарларды, арықтарды, веложолдарды жөндеу, инженерлік желілерді қайта орналастыру, заӊсыз құрылыстар мен қоршауларды алып тастау қатар жүруде. Қозғалыс бөлігіндегі жол- құрылыс жұмыстарын биылғы жылдыӊ аяғына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар BRT дәлізінде автомобильдерді болдырмау шаралары жасалуда. Қазіргі кезде қаланыӊ барлық аудандарында 160 көшені жөндеу аяқталып қалды, кіші айналма жолда көлік өткізу қабілетін арттыру үшін жаӊа үш жол айрығы салынуда, қозғалыс аумағын кеӊейту үшін тармвай жолдары алынуда, қаланыӊ сегіз ауданында біржақты қозғалыс ұйымдастырылуда.

Жұмыс сапары барысында мегаполис басшысы Назарбаев даӊғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі үӊгілеу жұмысымен танысты, ал бұл Сейфуллин даӊғылында " Солүстік- Оӊтүстік" бғытындағы көлік жүктемесін азайтады.

Қазіргі кезде мұнда барлық діӊгектерді (бағандар, қабырғалар және басқалары) орнату жұмыстары толық аяқталған, сатылы іргетас қондырғысы жасалуда. Сонымен қатар эстакаданыӊ металл жақтауын, қоршауларды, су құбырларын қайта жасау, қорғаныс қабырғасын салу жұмыстары жүруде.

Айта кетерлігі, осы жазда Алматыда ұзындығы 160 км болатын 150 -ден астам көше жаӊарды, барлық жер асты өтпелі жолдар күрделі жөнделуде. Орталықтандыру қағидасы бойынша қаланыӊ барлық аудандары абаттандырылуда. Егер өткен жылы 500 аула жөнделсе, биылғы жылы қаланыӊ барлық аудандарында тағы да 600-ден астам аула жаӊарады.

Соӊғы жылдары мегаполисте 800 км инженерлік желі, соныӊ ішінде 313 км су құбыры, 266 км канализация, 150 км электер және 32,3 км жылу желілері қайта жасалды, жөнделді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны