27.05.2009, 18:17 3496

Алматыда мектеп оқушыларына 12 мыңдай орын жетіспейді - білім басқармасы

Алматыда мектеп оқушыларына 12 мыңдай орын жетіспейді - білім басқармасы

Алматы. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда қазір мектеп оқушыларына 11 921 орын жетіспейді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық білім басқармасының төрайымы Рахат Шимашева мәслихат депутаттарының тыңдауында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мектептердегі орын тапшылығы өзекті күйінде қалып отыр. Егер осыдан үш жыл бұрын оқушы орындарының тапшылығы 33 мың 772 орын болса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 11 291-ге дейін азайды", - деді Р. Шимашева.

Оның айтуынша, биыл "Ұлжан" және "Қалқаман" ықшамаудандарында 2400 орынға есептелген екі мектеп салынды. 2009 жылдың аяғына дейін, оның хабарлауынша, "Ийгерім" ықшамауданы мен Нижняя пятилетка ықшамаудандарында әрқайсысы 1200 орыннан жаңа екі мектеп пайдалануға беріледі.

Р. Шимашеваның нақтылауынша, "егер 2010 жылдан бастап 12-жылдық білім беру енгізілсе, 9 және 11 сыныптарды бітіретіндер мен бірінші сыныпқа 16 543 бала қабылданатынын ескерсек (8 957 алты жасар және 7 946 жеті жасар), келесі жылғы орын тапшылығы 5 921 орынды құрайды".

Сонымен бірге, Р. Шимашеваның айтуынша, "бүгінде Алматыда мектепке дейінгі оқу орындары мүлдем тапшы. Тапшылық - 24 500-ді құрап отыр". Бұл проблеманы шешу үшін 2009 жылы "Ұлжан", "Шаңырак-1", "Рабочий поселок" ықшамаудандарында үш балабақша және қазіргі бар балабақшаларға қосымша екі ғимарат салу көзделуде".

Р. Шимашеваның мәліметінше, бүгінде Алматыда 223 мектеп бар, оларда 166 587 бала оқиды. Сонымен бірге 14 кәсіптік мектеп пен лицейлер, 69 колледж, 163 балабақша, 3 балалар үйі, 25 мектептен тыс білім беру ұйымы, 10 арнаулы білім беру ұйымдары, сондай-ақ, кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша ұстайтын жетімхана бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны