12.01.2012, 09:51 3414

Алматыда мектеп оқушысы ауыр қылмыстың ашылуына көмектескен

15 жасар Валерия Разнатовская үш жылдан бері полицияның жас көмекшілері қатарында. Ол өз мектебінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, құрдастарымен алдын алу жұмыстарын жүргізеді және де мектептегі полиция инспекторына көмектеседі.

Алматы. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыда қалалық бір мектептің 9-сынып оқушысы полицияға аса ауыр қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 жасар Валерия Разнатовская үш жылдан бері полицияның жас көмекшілері қатарында. Ол өз мектебінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап, құрдастарымен алдын алу жұмыстарын жүргізеді және де мектептегі полиция инспекторына көмектеседі.

естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше ай бұрын Бөкейхан көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында айуандықпен соққыға жығылған ер азаматтың мәйіті табылған болатын. Бұл қылмыс түнде жасалғандықтан алғашқыда қылмыстық оқиғаның куәгерлерін іздеп табу мүмкін болмады.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатқан кезде жас көмекші істің нәтижелі шешілуіне түрткі болған құнды ақпаратымен бөлісті. Осы мәліметтердің арқасында күдіктілер табылып, қамауға алынды. Олар тағы бір адам өліміне қатысы бар екі жас жігіт болып шықты.

Кейін полиция ОҚО-дан келген құрылысшының ауыр соққыға жығылып қаза болғандығы, сондай-ақ оның ұялы телефоны мен 17 мың теңгесінің ұрланғандығы жөнінде қылмыстық істің ашылғанын хабарлады. Ішкі істер департаментінің, АІІД-нің, Жетісу ауданы әкімішілігінің басшылығы қыз балаға көрсеткен оперативтілігі мен тергеу жұмыстарына қосқан үлесі зор алғысын білдірді. Құрмет грамотасымен және естелік сыйлықтармен маратаппау салтанатты шарасы Валерия оқитын мектеп қабырғасында өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны