02.09.2016, 14:40 4406

Алматыда мектеп түлектерініӊ "Мәӊгілік Ел" аркасы мен Д.Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды

"Мен ҚазҰУ-ніӊ біздіӊ қаламызбен бірге тағы да 1000 жыл жасайтындығына сенімдімін. Салтанатты арка - біз қалада нұрландырған 33-ші нысан. Жақын күндері "МАОБТ", "Хабар", Қастеев мұражайлары мен басқа да нысандар осылайша нұрланатын болады. Бұл күн тарихқа енеді деген ойдамын",- деп атап өтті әкім.

Алматы. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда Ил-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы және қаланыӊ 1000 жылдығына орайластырылған мектеп түлектері мен жоғары оқу орындары студенттерініӊ "М?ӊгілік Ел" атты аркасы мен Д.Баландин атындағы жүзу бассейні ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Салтанатты шараларға қала әкімі Бауыржан Байбек, ҚазҰУ-ніӊ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, танымал ақын Олжас Сүлейменов, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин, меценат-бизнесмендер, қоғам қайраткерлері, қалалық және аудандық әкімдіктер өкілдері, оқытушылар, студенттер, университет түлектері қатысты. Арка ҚазҰУ-ніӊ кіреберісіне орнатылған.

Қала әкімі арка қаланыӊ айшықты белгісіне, ғылым мен білімніӊ символ ына айналады деді.

"Мен ҚазҰУ-ніӊ біздіӊ қаламызбен бірге тағы да 1000 жыл жасайтындығына сенімдімін. Салтанатты арка - біз қалада нұрландырған 33-ші нысан. Жақын күндері "МАОБТ", "Хабар", Қастеев мұражайлары мен басқа да нысандар осылайша нұрланатын болады. Бұл күн тарихқа енеді деген ойдамын",- деп атап өтті әкім.

Салтанатты арканыӊ сәулеті ерекше, классикалық пропилдер формасында жасалған, ал доға бейесі университеттіӊ орталық аллеясын қамтиды.

Мерекелік кеште жүзуден алғашқы Олимипада чемпионы атанған Дмитрий Баландин атындағы 25 метрлік жаӊа бассейн де ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны