01.06.2018, 20:06 8354

Алматыда мектеп жанындағы лагерьлер биылғы жылдыӊ 10 шілдесіне дейін жұмыс істейтін болады

Қаланыӊ білім басқармасы Алматы қаласыныӊ мемлекеттік бас санитарлық дәрігерініӊ қаулысы негізінде мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерініӊ жұмысы 2018 жылдыӊ 18 маусымына ауысқандығын хабарлайды.

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қаланыӊ білім басқармасы Алматы қаласыныӊ мемлекеттік бас санитарлық дәрігерініӊ қаулысы негізінде мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерініӊ жұмысы 2018 жылдыӊ 18 маусымына ауысқандығын хабарлайды. Оқушылар мен олардыӊ ата- аналарыныӊ қалауын ескере отырып, мектеп жанындағы лагерьлер биылғы жылдыӊ 10 шілдесіне дейін жұмыс істейтін болады.

Өз кезегінде Алматы қаласыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті бүгінгі күні тұрғындар арасында менингококк жұқпасына қатысты эпидемиологиялық жағдайдыӊ тұрақсыз екенін хабарлады.

"Біз расында да ауруға қатысты жағдайға алаӊдаушылық білдірудеміз. Сауықтыру лагерьлерініӊ жұмыстарын ауыстыру профилактикалық мақсат үшін ғана жасалды. Аурудыӊ алдын алатын барлық қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз. Бірінші кезекте катаральды белгісі бар сырқат жандардан аулақ болған жөн. Иркім жеке гигиенаны сақтауы тиіс. Көкөністер мен жемістерді барынша таза жуып, азық- түлікті алмастырмай, қайнаған және бөтелкедегі суды ғана ішу керек. Жабық әрі дұрыс желдетілмеген ғимараттарда ұзақ отырмау қажет", -деп атап өтті Алматы қаласыныӊ қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысыныӊ орынбасары Исел Қалықова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны