03.01.2019, 15:13 20257

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі болып өтті

Елі мен халқын сүйген абзал жанныӊ әрі абыз ақсақалдыӊ есімі мен еӊбегін қазақстандықтар ұмытпайды деп ойлаймын", - делінген жеделхатта.

Алматы. 3 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Онымен қоштасуға қоғам қайраткерлері, туыстары мен жақындары және достары келді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысыныӊ жеделхатын оқып берді және алматылықтардыӊ атынан көӊіл айтты.

"Сұлтан Сүлейменұлы майданда ерлікпен шайқасып, елге оралған соӊ түрлі жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, білікті басшы және іскер ұйымдастырушы ретінде республикамыздыӊ өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы Сауда министрі және Министрлер Кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары болып, өзі басшылық жасаған салалардыӊ заман талабына сай дамуына көп еӊбек сіӊірді.

Ол құрметті демалысқа шыққаннан кейін де қоғам өмірінен қол үзбей, тәуелсіз елімізде халқымыздыӊ ынтымағы мен береке-бірлігініӊ нығая түсуіне әрдайым атсалысты.

Елі мен халқын сүйген абзал жанныӊ әрі абыз ақсақалдыӊ есімі мен еӊбегін қазақстандықтар ұмытпайды деп ойлаймын", - делінген жеделхатта.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР еӊбегі сіӊірген экономисі Сәбит Жаданов өзініӊ сөзінде бұл қазаныӊ Қазақстанныӊ барлық халық үшін орны толмас қайғы екеніні атап өтті.

"Қазақстанныӊ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаев 98 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Біз - оныӊ әріптестері мен достары ауыр қазаға қайғыра отырып, көӊіл айтамыз. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ сенімді серіктесі болды. Жиенбаев туралы әӊгіме қозғалғанда өмірдіӊ қиын кезеӊдері - индустриализацияны, коллективтендіруді, аштықты, Ұлы Отан соғысын бастан өткерген, халық шаруашылығын қалпына келтірген аға ұрпақтыӊ өшпес ерлігін еске аламыз. Олар қажымады, қиындыққа қасқая қарап, жеӊіске жетті, біз сол үшін аға ұрпаққа рахмет айтып, басымызды иеміз. Осыдан 100 жыл бұрын Қазақстан қандай еді. Шеге, шаруаға қажетті тауарлар, керосин сырттан әкелінетін. Ал бүгінгі Қазақстан индустриалды, агралы ел ғана емес, әлемніӊ бәсекеге қабілетті 30 елініӊ қатарына ұмтылуда. БҰҰ-ныӊ мүшесі, ел болашағы орасан зор" - деп атап өтті С.Жаданов.

Сұлтан Жиенбаевтыӊ ұлы Рустам отбасы атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен алғыс білдірді.

"Икеміз туралы жазылған жылы сөздерге шексіз ризамыз.Нұрсұлтан Назарбаевқа айтарымыз тек қана алғыс. Олар жақын дос әрі серіктес болды. ҚР Президентініӊ жеделхатындағы жүрекжарды сөздер әкемніӊ сіӊірген еӊбегіне берілген жоғары баға болып табылады. Сөзімді осыдан үш ай бұрын дүниеден өткен анамныӊ "Сеніӊ өмірде болғаныӊ үшін рахмет" деген сөздерімен аяқтағым келеді", - деді ол.

Сұлтан Жиенбаев 1921 жылдыӊ 22 шілдесінде Алматы қаласында туылған. 1953 - 1954 жылдар аралығында ҚазССР сауда министрлігініӊ басқарма басшысы, ал 1954 - 1959 аралығында Алматы қалалық партия комитетініӊ бөлім меӊгерушісі, 1962- 1970 жылдары ҚазССР сауда министрі қызметттерін атқарған. 1970 - 1984 жылдар аралығында Жиенбаев министрлер Кеӊесініӊ орынбасары болды.

Қазақстан халқыныӊ бірлігін, қоғамдық және этникааралық келісімін нығайтуға қосқан ауқымды қоғамдық қызметі үшін оған Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ Бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді. Мемлекет және қоғам қайраткері "Кеӊсай" зиратына жерленді.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, Нұрсұлтан Назарбаев Сұлтан Жиенбаевтыӊ қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтан Жиенбаевтыӊ өмірден өтуіне байланысты қайғыға ортақтасып, оныӊ туған-туысқандары мен жақындарына көӊіл айтты.

"Сұлтан Сүлейменұлы майданда ерлікпен шайқасып, елге оралған соӊ түрлі жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып, білікті басшы және іскер ұйымдастырушы ретінде республикамыздыӊ өсіп-өркендеуіне зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы Сауда министрі және Министрлер Кеӊесі төрағасыныӊ орынбасары болып, өзі басшылық жасаған салалардыӊ заман талабына сай дамуына көп еӊбек сіӊірді.

Ол құрметті демалысқа шыққаннан кейін де қоғам өмірінен қол үзбей, тәуелсіз елімізде халқымыздыӊ ынтымағы мен береке-бірлігініӊ нығая түсуіне әрдайым атсалысты.

Елі мен халқын сүйген абзал жанныӊ әрі абыз ақсақалдыӊ есімі мен еӊбегін қазақстандықтар ұмытпайды деп ойлаймын", - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны