19.12.2008, 19:00 2950

Алматыда мемлекеттік хатшы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Алматыда мемлекеттік хатшы мемлекеттік наградаларды табыс етті

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы президентінің Алматыдағы резиденциясында мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев бүгін президент жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталған бір топ мәдениет және білім қайраткерлеріне, қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне мемлекеттік наградаларын табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекеттік хатшы Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде экономикалық өрлеу мен демократиялық дамудың тұрақты жолына түскенін атап өтті.

"Еліміз ең басты мемлекеттік мерекесі - Тәуелсіздік күнін жоғары табыстармен қарсы алды. Халқымыз береке-бірлікті ту етіп ұстап келеді. Қазақстан әлемдік қоғамдастықтан өзінің абыройлы орнын алды. Бұл жоғары көрсеткіштерде миллиондаған қазақстандықтың жасампаз еңбегі бар. Солардың ішінде халқының саны жағынан алдыңғы орындағы Алматы қаласының қосқан үлесі орасан зор. Ел тәуелсіздігінің алтын бесігі, отанымыздың аса ірі мегаполисі, мәдени-рухани, қаржы-қаражат орталығымыз - Алматының көптеген азаматтары, экономика, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, әскерилер мен құқық қорғау органдарының өкілдері президент жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды", - деді Қанат Саудабаев.

Атап айтқанда, "Отан" орденімен ақын, еңбек ардагері Мұзафар Илімбаев, ІІІ-ші дәрежелі "Барыс" орденімен еңбек ардагері, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Н.Кузнецов, ІІІ-ші дәрежелі "Айбын" орденімен Ауған соғысы ардагерлері одағы төрағасының орынбасары И.Бережной, ІІ-ші дәрежелі "Достық" орденімен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының бас балетмейстері Л.Ким, "Құрмет" орденімен №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері И.Брежнева, Халықаралық бизнес университетінің ректоры Г.Гамарник, Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі В.Толоконников, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Ө.Шеденов марапатталды. "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Б.Бөкенов, Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының продюсері Т.Хажиев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б.Сұлтанов иеленді.

"Бұл наградаларыңыз - сіздердің елімізге сіңірген еңбектеріңізге көрсетілген жоғары құрмет. Мен Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың атынан және жеке өз атымнан сіздерді Отанымыздың жоғары наградаларын иеленгендеріңізбен шын жүректен құттықтауға қуаныштымын", - деп атап көрсетті Қ.Саудабаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны