13.08.2018, 17:30 5624

Алматыда мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментініӊ ведомствоаралық жұмыс тобыныӊ отырысы өтті

Отырыста азаматтардан тұрғын үй кезегіне тұра алмағауына байланысты шағымдарыныӊ түсуі, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу туралы бірқатар сұрақтардыӊ болуы қарастырылды. Сонымен қатар, Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерініӊ назары Департаментпен талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне аударылады.

Алматы. 12 тамыз. Kazakhstan Today- 2018 жылдыӊ 9 тамызында Алматы қаласыныӊ әкімдігі ғимаратында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ Ведомствоаралық жұмыстобыныӊ кезекті отырысында мемлекеттік қызмет саласында Алматы қаласы Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету сұрақтары қарастырылды.

Отырыста азаматтардан тұрғын үй кезегіне тұра алмағауына байланысты шағымдарыныӊ түсуі, мемлекеттік бағдарлама бойынша үй алу туралы бірқатар сұрақтардыӊ болуы қарастырылды. Сонымен қатар, Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерініӊ назары Департаментпен талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне аударылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясына мемлекеттік көрсетілетін қызметтердіӊ мерзімін сақталуын, қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыруды, статистикалық ақпараттарды тексеруді және мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй алуға статистикалық ақпаратты сайтқа орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Сонымен қатар, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еӊбек және әлеуметтік қорғау депатаментімен осы жұмыстар қалай атқарылатындығы да отырыста қаралды. Мүгедек адамдардыӊ мемлекеттікжәне қоғамдық мекемелерде жасалынған жағдайларға қанағаттанбауы жалғасуда.

Отырыс барысында мүгедек адамдардыӊ қоғамдық бірлестігініӊ өкілдері, коммерциялық мекемелер өкілдерініӊ пікірі тыӊдалынды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет саласын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізілді, атап айтқанда: мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік мекемелері мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарына мүгедек адамдардыӊ кіріп қозғалуына жасалған жайдайларға инспекция жасау, мемлекеттік қызметер мерзімін қысқартуды,жабдықтармен қамтамасыз етілу бойынша мүгедек адамдардыӊ қанағаттануына инспекция жасау, ХҚКО қызметкерлерін әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша оқыту жұмыстарын жүргізуді, мүгедек адамдардыӊ Инва-такси қызметіне сұранысын анықтау, қажет болған жағдайда көлемін ұлғайту ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны