26.08.2017, 15:56 6118

Алматыда мемлекеттік қызмет көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін Алматыда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мекемеаралық көшпелі кеӊес болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 25 тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша мекемеаралық көшпелі кеӊес болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Кеӊеске дайындық барысында бұқара өкілдерімен бірлесе отырып халық арасында барынша сұранысқа ие болып табылатын көші-қон, мемлекеттік кіріс, денсаулық сақтау, коммуналдық қызметтер, соныӊ ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ қызметін көрсететін бірқатар ұйымдарға инспекция жүргізілді.

Халық арасында электрондық қызметтердіӊ танымалдығыныӊ төмендігіне қатысты өзекті мәселе талқыланды. Оған басты себеп, азаматтардыӊ компьютерлік сауаттылығыныӊ төмендігі, оларды алу процедураларды түсіну күрделілігі, тиісті компьютерлік бағларламалардыӊ жоқтығы сөз болды.

Айталық, Аматыда электрондық мемлекеттік қызметтердіӊ 70%-ы Халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы көрсетілген. Электрондық форматтағы 121 қызметтіӊ тек 10-ын ғана мобильдік телефон арқылы алуға болады. Электрондық қызметтерді мобильдік қосымшаларға көшіру көзделуде.

Сондай-ақ, кеӊесте Халыққа қызмет көрсету орталықтарыныӊ өздеріндегі мәселелер де сарапқа салынды. Бүгінгі өзекті мәселелерге ұзын-сонар кезектер, көлік тұрағыныӊ жетімсіздігі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергілкрдіӊ көптігі (пандустар мен лифт тапшылығы) жатады. Сондай-ақ, кейбір мекемелерде тек бір ғана банк бар, ал олар келушілер ағынына қызмет көрсете алмай жатады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ төрайымы Айгүл Байханова коммуналдық қызметтерді көрсету бойынша біртұтас стандарттарды енгізіп, оларды Халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетуді ұсынды. Азаматтар су, газ және электр қамтамасыздығы саласындағы қызметтерді алу үшін қаланыӊ түрлі бөліктеріндегі бірнеше түрлі ұйымға жүгінуге мәжбүр.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Алик Шпекбаев атап өткендей, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету тұтастай алғанда мемлекеттік аппараттыӊ шешуші тиімділік көрсеткіштерініӊ бірі.

"Сол себепті біз мемлекеттік қызметтердіӊ сапасын көтеру бойынша ауқымды әрі жоспарлы жұмысты қолға алдық. Бұл бір реттік қана сипаттағы жұмыс емес, тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілетін болады", - деді Шпекбаев.

Өз кезегінде жұртшылық өкілдері мемлекеттік қызметтерді орталық және жергілікті атқарушы билік органдарынан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге көшіру қажеттігін алға тартты. Өйткені бұл корпорация Ұлт жоспары "100 нақты қадам" жоспарын жүзеге асыру үшін құрылғандықтан, халыққа қызметті сапалы әрі кәсіби түрде көрсетуі қажеттігі атап көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны