16.06.2018, 21:42 6884

Алматыда мемлекеттік қызметшілердіӊ қайырымдылық марафоны өтті

Алматыда, бүкіл республика көлеміндегідей, мемлекеттік қызметшілердіӊ "Алға басу - движение вперед" деп аталатын қайырымдылық марафоны өтті. Бұл қайырымдылық шарасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органныӊ құрылғанына 20 жылуына орайластырылып отыр.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan Today - Алматыда, бүкіл республика көлеміндегідей, мемлекеттік қызметшілердіӊ "Алға басу - движение вперед" деп аталатын қайырымдылық марафоны өтті. Бұл қайырымдылық шарасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органныӊ құрылғанына 20 жылуына орайластырылып отыр.

Алматыда бұл марафон Тұӊғыш Президент саябағынан басталды. Ол Алматы қаласы әкімдігініӊ көмегімен және "Милосердие- Мейірімділік" еріктілер қоғамы қайырымдылық қорыныӊ негізін қалаушы Аружан Саинныӊ қатысуымен ұйымдастырылған. Алматы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев, Аружан Саин, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы қаласы бойынша департаментініӊ төрайымы Айгүл Байханова, "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасыныӊ өкілі Марлен Абульғазиновтар іс-шараға қатысушыларға ризашылық білдіріп, сәттілік тіледі.

"ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және Алматы әкіміне бұл марафон бағытын ұсынғаны үшін жеке рахметімізді айтамыз және бұл бағытты барлықтарыӊыз үлкен ықыласпен жүгіріп өтесіздер деп сенемін. Сондай-ақ, бұл біз үшін тек әлеуметтік жоба ғана емес, сонымен бірге, қайырымдылық марафонына жеке үлес қосу мүмкіндігі, ол адамдарды жақсы көӊіл-күймен қаруландырып, салауатты өмір салтына ден қоюға түрткі болмақ", - деді Абульғазинов барлық қатысушыларға мәре басынан сәтті шығуға тілектестік білтіре отырып.


Марафон қысқаша түрдегі жалпы дене қыздырудан басталып, сосын ерлер 2,5 шақырымға, ал әйелдер 1,5 шақырымға жүгірді.

Бұдан бұрын да хабарланғанындай, жарысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Милосердие- Мейірімділік" еріктілер қоғамы қайырымдылық қоры ұйымдастырған. Марафон мақсаты - тек салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен бірге балалар үйлерін материалдық-техникалық тұрғыда жабдықтау мақсатында қаражат жинауға бағытталады. Жиналған қаражат "Балаларға өмір сыйла" қайырымдылық жобасына Қазақстандағы жазылмайтын дертке шалдыққан балаларға жәрдемдесуге бағытталатын болады.


Марафонда облыс орталықтарынан, Астана мен Алматы қалаларынан, сондай-ақ, аудан орталықтары мен ауылдардан 15 000-ға жуық мемлекеттік қызметші біруақытта мәреден шықты.

Марафон қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған жеӊімпаздар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ дипломдарына, медальдары мен сертификаттарына ие болды.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны