30.11.2016, 16:29 9153

Алматыда "Меніӊ отаным - Қазақстан" атты республиканыӊ тарихы туралы кітаптыӊ тұсаукесері өтті

Кітап авторлары - Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ мүшелері, олар бұл жинақты ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арнап отыр.

Алматы. 29 қараша. KazakhstanToday - Алматыда "Меніӊ отаным - Қазақстан" атты республиканыӊ тарихы туралы кітаптыӊ тұсаукесері өтті, деп хабарлайды KazakhstanToday .

Кітап авторлары - Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ мүшелері, олар бұл жинақты ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерейтойына арнап отыр. Кітапта тас дәуірінен бастап еліміз егемендік алған сәтке дейінгі көркем суреттер мен қызғылықты деректер жинақталған. Кітап авторлары оны құрастырып шығуға 6 ай уақыттарын сарп еткен.

"Халқымыз талай тар жол, тайғақ кешулерден, күрделі сынақтардан өтті. Бұл кітап келешек ұрпақ үшін пайдалы болып деп ойлаймын. Ол қазақ, орыс, өзбек үш тілде жарық көрді", - деді Алматы қалалық өзбек этномәдени орталығыныӊ төрағасы Абдулла Исматуллаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда "Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктіӊ 25 тұғыры" 25 жұлдызды күн жалпыреспубликалық акциясы шеӊберінде "Үлкен ел - Үлкен Отбасы" атты фотосуреттер көрмесі мен Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ этномәдени бірлестіктерініӊ Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігі жылдарында қол жеткізген жетістіктерініӊ көрмесініӊ ашылу салтанаты өтті.

Этномәдени бірлестіктердіӊ Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігі жылдарында қол жеткізген жетістіктерініӊ фотокөрмесі фотостуреттер өнері арқылы мәдени, тарихи құндылықтарды сақтау мен таратуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны