08.06.2018, 22:05 3413

Алматыда "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды

1 маусымда қалалық әкімдікте "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 8 маусым. Kazakhstan Today - 1 маусымда қалалық әкімдікте "Мерейлі отбасы" Ұлттық байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқау аудандық, қалалық және республикалық деген үш кезеӊмен өткізіледі.

1 сәуір мен 5 мамыр аралығында 113 отбасыныӊ қатысуымен аудандық кезеӊ өткізілді. Оныӊ нәтижесі бойынша әр ауданнан екі жеӊімпаз отбасынан анықталды.

Финалға шыққан отбасыларды қала әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев пен Алматыныӊ құрметті тұрғыны әрі ұстаз Аягүл Төреева марапаттады.

"Байқауға биыл бес жыл толып отыр, сол себепті марапаттау рәсімін еліміз Тәуелсіздіктіӊ алғашқы қадамдарын жасаған тарихи орында өткізуді ұйғардық.Егер әрбір қазақстандық отбасылық құндылықтарды құрметтейтін болса, өз туған жерін сүйетін болса - еліміз өсіп-өркендей түседі",- деді Арман Қырықбаев.

Байқау қорытындысы бойынша Нөкербековтер, Шалабаевтар, Күлимбетовтар, Тобатаевтар, Малғаждаровтар, Артықовтар, Акишевтер, Атекеевтер, Маматаевтар, Ионовтар, Сапеновтар, Шакеровтар, Бахамовтар, Васильковтар, Жұбанкөзовтар секілді 15 отбасы финалға озып шықты.

Байқауда Қазақстанда журналистиканы, білім мен ғылымды дамытуға белсене атсалысып келе жатқан Иманғалиевтер отбасы жеӊімпаз атанды.

Барлық отбасылар мемлекеттік дипломдар мен плазмалы телевизорларды сыйлыққа алды.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тамаша байқауды қолданысқа енгізуініӊ арқасында біз бай тарихы мен дәстүрі бар сіздер секілді керемет отбасылармен қауышып отырмыз. Бұл отбасылардыӊ әрқайсысы мемлекетіміздіӊ дамуына өлшеусіз үлес қосты", - деп қорытты Аягүл Миразова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны