03.06.2015, 12:59 4045

Алматыда метроға "бомба қойған" бұзақы қолға түсті

Алматы полициясы метроға жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпар таратқан 17 жасар қала тұрғынын ұстады

Алматы. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Алматы полициясы метроға жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпар таратқан 17 жасар қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Метро стансаларыныӊ біріне бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жасады деген күдікпен Алматы Ішкі істер департаментініӊ қызметкерлері 17 жасар бозбаланы ұстады. Аталған факті Алматы қаласы Жетісу ауданы ішкі істер басқармасыныӊ сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда", - деп мәлім етті Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Изірбек.

Естеріӊізге салып өтсек, 2 маусым күні Алматы полициясына метроныӊ "Райымбек" стансасына бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен еді. Қаланыӊ барлық шұғыл қызметтері тартылып, комиссиялық тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында жарылғыш зат табылмаған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны