18.05.2017, 09:50 4450

Алматыда "Мыӊ бояулы қала - Город тысячи красок" атты журналистерге арналған қалалық байқау жарияланды

Байқаудыӊ мақсаты журналистер қауымын Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауыныӊ жүзеге асырылуын, Алматы қаласыныӊ бүгінгі тыныс-тіршілігінжариялауға тарту, сондай-ақжурналистердіӊ шығармашылық әлеуетін ашу және оларды ынталандыру болып табылады.

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда "Мыӊ бояулы қала - Город тысячи красок" атты журналистерге арналған қалалық байқау жарияланды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Байқаудыӊ ережесін назарларыӊызға ұсынамыз:

Журналистерге арналған қалалық "Мыӊ бояулы қала - Город тысячи красок" байқауыныӊ ЕРЕЖЕСІ

I. Жалпы бөлім

1. Журналистер арасында өтетін қалалық байқауы (бұдан әрі - Байқау) "Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні" аясында өткізіледі.

Байқаудыӊ мақсаты журналистер қауымын Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауыныӊ жүзеге асырылуын, Алматы қаласыныӊ бүгінгі тыныс-тіршілігінжариялауға тарту, сондай-ақжурналистердіӊ шығармашылық әлеуетін ашу және оларды ынталандыру болып табылады.

2. Байқаудыӊ міндеттері:

И Икімдік пен БАҚ өкілдері арасында серіктестік пен ынтымақтастықты арттыру;

И Журналистер назарынМемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" аттыхалыққа Жолдауыныӊ, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласыныӊ, Елбасыныӊ Бес институционалдық реформасыныӊ іске асырылу барысын жариялауға аудару.

3. Жеӊімпаздарды анықтау және дипломдар тапсыру "Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні" мерекесімен сабақтастырылады.

4. Жеӊімпаздарды айқындау және сыйлықтарды тағайындау Байқау комиссиясыныӊ шешімімен жүзеге асырылады.

5. Байқау комиссиясыныӊ құрамына белгілі журналистер, мемлекеттік жіне қоғам қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері, қала әкімдігініӊ қызметкерлері кіре алады.

Байқау комиссиясы сыйлықалуға талпынушылар мен дипломдар алушыларды іріктеу барысында келесі шарттарды басшылыққа алады:

И материалдардыӊ объективтілігі;

И кәсібилік және мазмұндай шеберлігі;

И мәселеніӊ қойылуы және оны жан-жақты ашып көрсету;

И материалдар туғызған қоғамдық резонанс;

И жұмыстардыӊ шығармашылық толымдығы;

И көтерілген мәселелердіӊ өзектілігі және шығармашылық талдануыныӊ тереӊдігі.

7. Байқауды өткізуді үйлестіру.

Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру Алматы қаласы әкімідігініӊ жанынан құрылған ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.

8. Ашықтық.

Осы Ереже байқауға қатысуға үміткерлерге, қызығушылық танытушы тұлғалардыӊ барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.

II. Байқауға қатысу шарттары

9. Байқауға қатысушылар.

Байқауға қатысуға республикалық және жергілікті деӊгейдегі барлық БАҚ-тар мен журналистер шақырылады.

10. Ұсынылатын жұмыстардыӊ тақырыбы.

Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты халыққа Жолдауыныӊ, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласыныӊ, Елбасыныӊ Бес институционалдық реформасы, Елбасыныӊ алға қойған көкейкесті міндеттерініӊ жүзеге асуы туралы, сонымен қатар, Алматы қаласыныӊ әлуеметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси өмірі мен жеткен жетістіктері туралыматериалдар қабылданады.

2017 жылғы 1 қаӊтардан2017 жылғы 15 маусымға дейін жарияланған (жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері, түрлі жанрлардағы очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, журналистік зерттеулер және тағы басқалар)немесе эфирге шыққан материалдар, қабылданады.

11. Байқауға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардыӊ ксерокөшірмесі түрінде (басылымныӊ атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс. Материалдардыӊ MS Word форматындағы электронды нұсқасы міндетті түрде болуы тиіс.

Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаныӊ көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.

Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардыӊ көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудыӊ соӊғы күні - ағымдағы жылдыӊ 20 маусымы(алынатын күн).

Ұсынылатын материалдарға БАҚ пен журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ақпараттық материалдар тізіміқоса беріледі.

12. Байқауға ұсынылатын жұмыстардыӊ саны.

Бір БАҚ не журналист ұсынатын материалдардыӊ саны 5-тен аспайды.

13. Жұмыстар байқаудыӊ Ұйымдастыру комитетіне хабарландыруда көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін материалдар, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар байқауға жіберілмейді. Байқауға ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

III. Байқаудыӊ өту кезеӊдері

14. Алғашқы кезеӊ.

Республикалық және жергілікті БАҚ-та байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады және баспасөз конференциясы өткізіледі.

15. Байқау материалдары байқауды Ұйымдастыру комитетініӊ мекенжайына 2017 жылғы 15 маусымға дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудыӊ регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысыныӊ нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.

16. Қорытындылау.

Жеӊімпаздарды жариялау келесі жеті номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау аясында іске асырылады::

1. Үздік телевизиялық сюжет;

2. Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым;

3. Үздік радиоматериал;

4. Ақпараттық агенттіктер ленталарында жарияланған үздік жарияланым(интернет-ресурстар);

5. Илеуметтік желілерде жарияланған үздік жарияланым(блогерлер материалдары);

6. Үздік фотоматериал;

7. Үздік инфографика.

IV. Байқау материалдарын бағалау және іріктеу процедурасы

17. Байқау материалдарын бағалау барысында келесі шарттар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестік; жаӊашылдық; мәселені талдаудыӊ тереӊдігі; нақтылық пен логикалық негізделуі; мазмұндау стилі мен тілі, техникалық сапасы; авторлық тұжырымдаманыӊ дербестігі; жарияланымда немесе дыбыстық-визуалдық жұмыста мазмұндалған ақпараттыӊ нақтылығы мен шынайылығы; журналистиканыӊ этикалық принциптеріне сәйкестігі; сыртқы безендірілуі.

V. Ұйымдастыру комитетініӊ құқықтары мен міндеттері

18. Ұйымдастыру комитеті:

И байқау туралы осы ереженіӊ талаптарына сәйкессіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;

И қандай да бір үміткерге қатысты байқау комиссиясыныӊ мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеӊде байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

19. Ұйымдастыру комитетініӊ міндеттері:

И барлық қатысушылар үшін теӊ жағдай жасау;

И байқауды өткізудіӊ жариялылығын қамтамасыз ету;

И байқаудыӊ нәтижелері туралы мәліметтердіӊ уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.

VI. Байқау комиссиясыныӊ құқықтары мен міндеттері

20. Байқау комиссиясы мыналарды іске асыруға құқылы:

И байқауға түскен материалдарға баға беру;

И жеӊімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.

21. Байқау комиссиясыныӊ міндеттері:

И барлық қатысушылар үшін теӊ жағдай жасау;

И байқаудыӊ нәтижелері туралы мәліметтердіӊ уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу;

Байқау комиссиясы мүшесініӊ байқауға қатысуына жол берілмейді.

VII. Қатысушылардыӊ құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

22. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

И байқаудыӊ өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;

И ұйымдастыру комитетінен осы Ереженіӊ тармақтарына түсіндіруді сұрау;

И байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

23. Байқауға қатысушылардыӊ міндеттері:

И байқаудыӊ мән-жайымен алдын-ала танысу, байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;

И осы Ереженіӊ талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;

И осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.

24. Байқауға қатысушылар келесілер үшін жауапты:

И материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардыӊ шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;

И осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен рәсімдеулерді сақтамағаны үшін.

VIII. Медиа ресурстар

25. Байқауға ақпараттық қолдау жасауды әкімдіктіӊ медиа-ресурстары мен ақпараттық серіктестіктері қамтамасыз етеді.

IV. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

26. Байқауды ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы.

Байқауға материалдар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы,Республика алаӊы, 4, каб. 501, 509, тел. 2716648, 2729727, [email protected], [email protected].

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны