26.10.2006, 18:06 3153

Алматыда мiнciз бизнес кәсiпорындарының форумы өтеді

АЛМАТЫ. 26-қазан. Kazakhstan Today. 7-қарашада Алматыда мiнciз бизнес кәсiпорындарының форумы өтеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасының президенті Светлана Савченко құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

С.Савченконың айтуынша, форум ойын түрінде өтеді. "Бұл сьезд емес, іскерлік ойын іспетті бас қосу болады. Біз кәсіпкерлерді топтарға бөліп, белгілі бәр мәселелер бойынша өз ұсыныстарын ортаға салуды сұрайтын боламыз",- деді ол.

"Мемлекеттік мекемелер әлеуметтік әріптестік үшін түрлі ынталандыру амалдарын ойлап тауып, жүзеге асыруға талпынғанымен, олары кәсіпкерлік ортада көп жағдайда қабылданбайды",- деді С.Савченко. Оның айтуынша, алдағы форум "кәсіпкерлерге өз тауарлары мен қызметіне сұранысты өсіру үшін не істеу керектігін өз беттерімен бағамдауға мүмкіндік береді".

Форумды Мінсіз кәсіпорындардың ассоциациясы мен Тұтынушылар лигасы Алматы әкімшілігінің қолдауымен өткізеді. Форумның жұмысына ең көрнекті бизнес және өкімет органдарының өкілдері, саясат және қоғам қайраткерлері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны